Солтүстік өңірлерге көшті ынталандыру мақсатында үкімет берген тұрғын үйлердің сапасына шағым айтатындар көп. Жергілікті билік олқылық барын мойындайды. Сарапшылар әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруда ашықтық жоқтығы мәселенің ушығып кетуіне жиі себеп болады дейді.
Қытайдан атамекенге көшіп келген қандастар Қазақстан азаматтығын алуға апостиль туралы талап бөгет болып отыр деп шағынады. Қытайға апостиль алуға барайын десе, ол жақ жібермей қоя ма деп жасқанады. Белсенділер болса қандастар мәселесін шешу Қазақстан билігінің өз қолында дейді.
Бір топ адам Шыңжаңда көп жылға қамалған туыстарын босатуды талап етіп, Қытайдың Алматыдағы консулдығы маңына шығып жүргелі үш жыл болды. Бүгінге дейін Қытай консулдығынан бірде-бір адам шығып, олардың талабына қатысты жауап берген жоқ. Алайда туыстарына араша сұраушылар күресін тоқтатпады. Азаттық осы адамдармен сөйлесіп, үш жылда не өзгерді деген сауалға жауап іздеп көрді.
Көші-қон комитеті дайындаған тұжырымдамада Қазақстанға қоныс аударғысы келетін шетелдегі қазақтарға "қандас" мәртебесін көшпей тұрып беру көзделген. Шенеуніктер азаматтық беру тәртібін қатаңдатқан жөн дейді. Қандастар мәселесімен айналысатын белсенділер мұнымен келіспейді.
Түркіменстаннан Қазақстанға жеткен 800-дей қандастың тек 44-і ғана Маңғыстауда қалады. Өзгесін Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қостанай облыстарына жөнелтіп жатыр. Маңғыстаудағы жақындарының қасында қалғысы келгендерге рұқсат жоқ, тіпті Түркіменстанға "депортациялауы мүмкін".
Атамекенге көшіп келіп, Қазақстан азаматтығына ие болған қазақтар Қытайда алған неке куәлігін растату машақаты кесірінен сатып алған үй, жерін заңдастыра алмай жүргенін айтады. Шарасыз күйге тап болған қандастардың кейбірі жұбайынан ажырасып, қайта некеге отыруға мәжбүр болған.
"Талибан" Ауғанстанды басып алған соң елдегі әйелдердің уайымы көбейді. Тәліптер 1996-2001 жылдары билікте болғанда әйелдердің білім алуына, жұмыс істеуіне, көшеге шығуына тыйым салып, пәренжі киюге мәжбүрлеген. Сол кезде Ауғанстанда өмір сүрген, қазір Қазақстанда тұратын қазақ әйелдердің әңгімесі.
Қытайдан атамекенге қоныс аударған қазақтардың кейбіріне зейнетақы рәсімдеу, туу туралы куәлік алу машақатқа айналды. Олар Қазақстан билігі "құжатыңды Қытай растасын" деген талап қойғанын айтады. Қытай консулдығы бұл мәселеге байланысты сауалға жауап бермейді.
Кейінгі жылдары Қазақстанға Қытайдан көшіп келетін қазақтардың саны азайып кеткен. Сарапшылар мұны Пекиннің Шыңжаңдағы мұсылмандарға көрсетіп жатқан қысымымен және Қазақстандағы заңның өзгеруімен байланыстырады.
Жақында Қазақстан билігі "Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қысымнан қашып, шекараны заңсыз кесіп өттік" деген төрт этникалық қазаққа бір жылға босқын мәртебесін берді. Олар үшін бұл қуанышты жаңалық болды. Әрі қарай не болмақ?
Атамекенге оралған этникалық қазақтарға азаматтық беруді жеңілдететін заңның қабылданғанына бес айдан асса да, шеттен келгендер оны рәсімдеудің әуре-сарсаңы көп екенін айтады. Көші-қон комитеті "бір терезе" қағидаты бойынша "қандастар" қызметін көрсету жаңа жылдан бастап жолға қойылады дейді.
Тағы