Үкімет белгілеген 7 облыстан басқа өңірлерге қоныстанатын этникалық қазақтарға «оралман» мәртебесі берілмейді және олардан есепшотында 2 миллион теңгеден астам қаржы болуы талап етіледі.
Қазақстан үкіметі оралмандарды қоныстандыратын облыстар туралы қаулы қабылдады. Министрлік өкілі бұл аймақтарды таңдаудың бірнеше себебі барын айтады.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша салынған ең сәтті жобалардың бірі саналатын Шымкенттегі «Асар» шағынауданының тұрғындары несие төлемінің мерзімін создыруға мәжбүр болды.
Оралмандардың қытай тілі қағидасы бойынша жазылған қысқа аттарын «Ф.И.О.» тәртібіне салмақ болғандар рәсімделу кезінде және бір қиындық тудырды.
Өскеменнің іргесіндегі Шығыс оралмандар ауылының тұрғындары үйлерін шығынданып электр қуатымен жылытуға мәжбүр. Олар былтырғы қарыздары әлі жабылмағанын айтып шағымданды.
«Президент Назарбаев қол қойған еңбек көші-қоны туралы заң шетелдегі қазақтардың келуіне кедергі» дейді оралмандар. Ал ресми өкіл заңның тиімді тұстары көп екенін айтады.
Қазақстанға шетелден келген қазақ жастары орыс тілін білмеуден қиналатындарын айтады. Ұстаздарының сөзінше, оларға қазақ тілі мен тарихы да беймәлім.
Қазақстанға сырттан көшіп келетін этникалық қазақтардың саны жыл сайын кеміп барады. Оралмандар ұйымдары «болашақта көш тоқтап қалуы да мүмкін» деген қауіп айтады.
Сенатта қаралып жатқан «еңбек көші-қоны» туралы заң бойынша оралмандар квотасы жойылып, оларға тұрғын үй мен шаруашылық жер учаскелері және оңайлатылған несие берілуі мүмкін.
Астананың іргесіндегі Қоянды ауылынан алты жыл бұрын жер сатып алып, үй салып үлгергендер «алаяқтарға алдандық» дейді. Әкім бас жоспар бойынша тұрғындар санын шектемек.
Қазақстан шетелде тұратын этникалық қазақтарға бір жылда бірнеше мәрте кіріп-шығуға болатын бір реттік виза бере бастады.
Оралмандар мәселесі әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырына өткесін, оралман мәртебесін беру туралы ереже қайта бекітілді. Азаттық бұл өзгеріс туралы оралмандар белсендісімен сұхбаттасты.
Тағы