Қарағанды облысындағы кеншілер төрт күндік ереуіл кезінде айтқан талап-тілектердің біршамасын жұмыс беруші орындады. Ал кейбір өтініштері іске асуы үшін заң өзгеруі тиіс.
Алты жыл бұрын Жаңаөзенде болған ереуілден соң сотталған мұнайшылар белсендісі Мақсат Досмағамбетовтің түрме жазасы бүгін аяқталды. Ол бұл ереуілдің құны өзі үшін өмірімен өлшенгенін айтады.
Қарағанды шахталарындағы ереуіл кезінде байқалған қызық жайттардың бірі Қазақстанның оппозициялық ЖСДП партиясына қайта жан біткені болды.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы желтоқсанның 11-інде басталған кеншілер ереуілін заңсыз деп тануды сұрап сотқа арыз түсірді. Жалақы өсіруді талап ететін жүздеген шахтер жер астынан шықпай жатыр.
Үш тәуліктен астам Қарағанды облысының 100-ге жуық кеншісі жалақы көтеру талабына жауап күтіп, суық әрі дымқыл шахтада отыр. Олар тақтайға ұйықтап, сырттан келген тамақ жейді. Билік кеншілерді шығуға үгіттеп жатыр.
Қарағанды облысында жүздеген шахтер жалақыны көбейтіп, жеңілдіктер қарастыру талаптарына құлақ асып, орындалуын күтіп жер астында әлі отыр. Туыстары мен бұл жағдайға бейжай қарамайтын тұрғындар оларға тамақ пен жылы киім-кешек апарып жатыр.
"Қазақмыс" корпорациясы еңбекақыны көтеріп, әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы талап қойған Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жұмысшылармен арадағы "еңбек дауы реттелгені" туралы ақпарат таратты. Компания бұл туралы шахтадан шығудан бас тартқан кеншілермен келіссөз өткізгеннен кейін хабарлады.
Теміртау металлургтері мен шахтерлерінің жалақыны 30 пайызға көбейтуді талап еткеніне бір айға жуықтады. Бірақ "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жалақыны жұмысшыларға әзірше түсініксіз өзге жүйе бойынша төлеуге көшуді ұсынады.
Маңғыстаудағы Oil Construction Company (OCC) компаниясы жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев "кінәсін мойындайтыны" туралы процессуалдық келісімге келуге өтініш жазды. Бұл туралы бүгін екі жарым жылға сотталған кәсіподақ белсендісінің апелляциялық сотында белгілі болды.
Астана соты маңғыстаулық OCC компаниясы кәсіподақ ұйымы жетекшісі Әмин Елеусіновке мамырдың 15-і үкім шығаруы мүмкін. Ол қаңтарда биліктен тәуелсіз кәсіподақты жаппауды талап еткен жұмысшылардың аштық акциясы кезінде ұсталғаннан бері қамауда отыр.
«Жала жапты» деп айыпталған азаматтық белсенді Берік Жағыпаровтың ісін қарау Жезқазған қалалық сотында мамырдың 5-іне белгіленді. «Қазақмыс» өкілі оны қылмыстық жауапқа тартып, «моральдық зиян ретінде» 2 миллион теңге өтемақы өндіріп беруді талап етеді.
Маңғыстаулық кәсіподақ жетекшісі Әмин Елеусіновтің ісіне қатысты жәбірленуші деп танылғандар Астана сотында енді куәгер ретінде түсінік берді. Қашан куәгерге айналғаны және сотталушыдан төрт жыл бұрынғы кәсіподақ жарналарын кері қайтаруды неліктен дәл қазір талап етіп жатқандарын ешқайсысы түсіндіре алмады.
Тағы