«Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу жобасына қатысты жұрт көптен күткен қоғамдық тыңдау өтетін күн де, орын да ауыстырылды. Залдың көп бөлігін ұйықтап отырған студенттер толтырды.
Азаматтық белсенділер Алматы маңындағы тау бөктеріне сәнді тау шаңғысы курортын салу туралы даулы жобаны сынады. Олардың акциясын бұл жолы танымал әншілер қолдады.
«Темір шымылдық» түрілгеніне ширек ғасыр уақыт өтсе де, бұрынғы Батыс Германия мен Чехословакия тауларында жайылған бұғылар шекараны аттап өтпейді.
Ең қымбат олимпиада атанған Сочидегі қысқы ойындардың экологиялық зардабын ешқандай ақшамен қалпына келтіру мүмкін емес дейді белсенділер.
Байқоңырдан ресейлік зымыран ұшыруға қарсы белсенділер тобының «Қазғарыш» басшысына қатысты наразылық акциялары енді видео-әжуа түріне енді. Ал Мұсабаев «өркениетті диалогқа» шақырады.
«Роскосмос» Байқоңырдың «әлемдегі ең көп зымыран ұшырылатын ғарыш айлағы деген атағын 2013 жылы да қорғап қалғанын» айтады.
Ұлттық тұтынушылар лигасы бензин сапасын тексеретін тестерді тегін таратып жатыр. Ал Қазақстан жанармай сапасы жөнінен 100 елдің арасында 70-орында тұр.
Астанадағы "Қазғарыш" агенттігінің алдында "Протон" ұшыруды тоқтатып, гептил пайдалануды доғаруды талап еткен белсендіге айыппұл салынды.
1 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев даулы «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты жобасымен танысты. Жұрт суретте президенттің жанында тұрған тұлғалардың арасынан жобаға қатысушыларды «таба бастады».
Жаңа жыл қарсаңында арнайы ыдыстағы табиғи шыршаны жалға берушілер бұл үрдісті экологияны қорғау дәстүріне айналдыруға шақырады.
Ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы апатының Байқоңыр экологиясына тигізген әсерін «Роскосмос» өзі тексеріп, сараптама жасайтынын хабарлады.
Тағы