Өскемен тұрғындары қала ауасының ластанып, тыныс алудың жылдан жылға қиындап бара жатқанына шағымданады. Ал қала басшылығы қолдан келген шараларды атқарып жатқанын айтады.
Жуықта NASA Арал теңізінің шығыс бөлігі толық тартылып біткенін хабарлады. Суалып бара жатқан теңіздің экологиялық зардабы маңындағы елдерді уайымға салып отыр.
Қала ауасының құрамындағы оттегінің үлесі 17 пайызға әзер жететінін ескерткен белсенділер «экологиялық ахуалды оңалтудың жалғыз жолы – ағаш егу» дейді.
Алматылық орнитологтар бүркіттің питомникте өскен үш балапанын бостандыққа жібермек. Саны азайып бара жатқан бүркіт Қазақстанның Қызыл кітабына сирек құс ретінде енген.
Маңғыстаудағы Жетібай ауылы маңына белгісіз бөшкелерді кім көмгені тексеріліп жатыр. Жақында облыста радиоактивті зат салынған контейнер жоғалып табылған соң ауыл маңына тасталған күдікті ыдыстар тұрғындарды алаңдатты.
Тұрғындары белгісіз ұйқы дертіне шалдықты деп хабарланған Ақмола облысындағы Калачи ауылын ұлттық ядролық орталық мамандары тексеріп жатыр. Азаттық тілшісі ауыл тұрғындарының жайын біліп қайтты.
Тасымалдау кезінде жоғалған «Цезий-137» радиоактивті заты тиелген контейнерді іздеу шаралары Маңғыстаудан Атырауға дейін жетті. Сарапшы бұл заттың адам өміріне аса қауіпті екенін айтады.
40 жыл бойы ядролық қару сыналған Семей полигонының жабылғанына 23 жыл өтсе де, оның зардабын әлі күнге дейін шегіп жүрген адамдар бар.
Каспий теңізінің Жығылған мүйісінде балықтардың жаппай қырылып жатқаны туралы хабарланды. Мамандар мұны оттегі жетіспеушілігінен көрсе, әскери жаттығудан күдіктенушілер де бар.
Экология белсенділерінің қарсылығына қарамастан Алматы маңындағы Көкжайлау үстіртінде тау шаңғысы курорты салына бастады. Бірақ белсенділердің шатқалды қорғау акциялары жалғасып жатыр.
Қарағанды экологтары сол өңірдегі химиялық қалдықтармен ластанған жерлерді зерттеудің алдын ала нәтижелерімен таныстырды. Сарапшылар «тұрғындар улы заттардың қаупінен хабарсыз» дейді.
Қала тұрғындарының кейбірі ауыз судың таза екеніне сенбейді. Бірақ Алматыны сумен қамтамасыз ететін мекеме халықтың «өте жұмсақ су ішіп отырғанын» айтады.
Тағы