Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан 5 қазанда жетінші алтын медалін алды. 5 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстан 8 алтын, 13 күміс, 37 қоламен 10-орында тұр. Азаттық Азия ойындарының чемпионы болған Қазақстан спортшыларын ұсынады.
Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын "Ақтөбе" шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы.
Ресейлік 16 жастағы мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкина Қазақстан азаматтығын алыпты деген хабар екі елде де талқы туғызды. Қазақстан коньки спорты федерациясы "оны біз шақырған жоқпыз" дейді. Ал Ресей спортшыға Қазақстан атынан жарысқа қатысуға әлі рұқсат бермеген.
Франциядағы ашық чемпионатта өнер көрсеткен 20 жастағы украиналық теннисші Марта Костюк мачтан соң қарсыласы, Беларусь спортшысы Арина Соболенкомен қол алыспай кетті. Бұған көрермендер наразылық білдірді.
Тағы