Еуро-2012 турнирінде сатылатын билеттердің дизайны Варшава мен Киевте өткен арнайы шаралар кезінде таныстырылды. Билеттің ұзын бойымен салынған гүл сабағының әрбір жапырағы бір стадион мен құрама команданың мемлекеттік туын бейнелейді.
Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпардтың ойынша, команданың Еуропа чемпионатындағы ойынына Фабио Капеллоның жаттықтырушы қызметінен кеткені әсер ете қоймайды. Футболшы бұл жолғы еуро-турнирді спорттық карьерасындағы соңғы халықаралық жарыс ретінде қарастырады.
Еуропа чемпионаттарында матч барысында үстем тұрған қарсыласын ең соңғы сәтте қапы қалдырып, жеңіске жеткен құрама командалардың ойындары біразға дейін ел аузында жүреді. Сондай бірнеше матчты еске түсірейік.
Биыл Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мақсатында 2012-2022 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Бірақ спорт маманы «балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту үшін алдымен ұлттық құраманы жөнге келтіру керек» дейді.
Сәуірдің 19-ы (Алматы уақытымен) Англияның Челсиі мен Испанияның Барселонасы Лондондағы Стэндфорд Бридж стадионында кездесті. Барселона бұл ойында допты 80 пайыз уақыт өз иелігінде ұстады. Челсидің қақпасына 26 рет доп соқпақ болды. Ал Челси қақпаға бір ғана тура соққы жасады және Дрогба салған жалғыз гол бұл командаға жеңіс әперді.
«Астаналық «Барыс» хоккей клубының капитаны Кевин Даллмэннің отбасы Қазақстаннан кетті» деп хабарлайды ақпарат құралдары. Хоккейшінің әйелі Стейси Даллмэн мұны өзінің Қазақстанды сынап жазған блогының әсері деп біледі.
Кувейттегі жарыста бірінші орын алған қазақстандық спортшы Мария Дмитренконы марапаттау кезінде жарысты ұйымдастырушылар Қазақстан гимнінің орнына британдық комик Саша Барон Коэеннің «Борат» фильмінде айтылған әнді ойнатты.
Лондонда тұратын 7 жасар қазақ баласы Дариус Нуритовты Ұлыбританияның Chelsea («Челси») жастар академиясы оқуға тегін қабылдаған. Ерекше қабілетімен көзге түскен Дариус – қазір Chelsea Regent's Park жастар лигасы аудандық құрамасының капитаны.
Қазақстанда спортқа арналған 75 сайттың ішінде тек екеуі ғана қазақ тілінде. Солардың бірі, биыл Қазақстанның award.kz интернет байқауында қазақ тіліндегі ең үздік сайт атанған alaman.kz редакторы Рауан Оқас Азаттыққа сұқбат берген еді.
Азаттық радиосында қарашаның 16-сына белгіленген қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровтың онлайн-конференциясы кейінге қалды. Ол оқырмандарымыздан кешірім сұрауды өтінді.
Қолы жоқ жас спортшы Азамат Оразбек қазан айының басында Шымкентте өткен паралимпиадалық республикалық турнирге қатысып, алтын медальға, 2012 жылы Лондонда өтетін паралимпиадалық теннис жарысының жолдамасына ие болды.
Бразилиядағы әйгілі «Атлетико Минейро» клубында Алматы облысы Көксу ауданы Бақтыбай ауылынан барған 17 жастағы Рауан Сариев футбол ойнап жүр.
Тағы