«Имарат Кавказ» қарулы тобының басшысы Доку Умаров Сочи олимпиадасы кезінде «мұсылмандар кегін қайтаратынын» мәлімдеген еді. Волгоградтағы жарылыстардан кейін осы мәлімдеме еске түседі.
Шаңғы теуіп жүріп басын жарақаттап алған әйгілі авто-спортшы Михаэль Шумахер күрделі операциядан соң әлі есін жиған жоқ.
Ақтөбеде қазақы тазы өсірушілердің кинологиялық клубы құрылды. Клуб жетекшісі аймақтағы қаны таза осы тұқымдас иттерді есепке алып, әрқайсына жеке-жеке құжат жасатпақшы.
Италияда аяқталған бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдеге ие болды.
Желтоқсанның 11-інде Италияның Трентино қаласында бүкіләлемдік қысқы универсиада басталды. 10 күнге созылатын жарысқа Қазақстаннан 54 студент-спортшы қатысып жатыр.
Осы аптада Ресейде премьерасы өтетін деректі фильм "Сочи олимпиадасына қатысты" парақорлық, ақша жымқыру мен зорлық-зомбылық оқиғаларын әшкерелемек. Мәскеу билігі оған қарсы.
Футболдан 2014 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алған 32 ел анықталды. Оның бірі – жарыс өтетін Бразилия.
Ресейде футбол фанаттарының бұзақылығы мен нәсілшілдікке қарсы күрес әзірге нәтиже бермей отыр. Бұл істе Мәскеу кезінде спорттағы басбұзарлықты ауыздықтаған Англияның үлгісін пайдаланып көрмек.
Астананың «Барыс» хоккей командасы ҚХЛ-дың бірінші айналымын аяқтап, әзірше үшінші орынға тұрақтады. Сарапшылар команда жетістігінің бірнеше себебі барын айтады.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2013 жылы допинг қолданған спортшылардың тізімін жариялады. Тізімдегі 38 спортшының 9-ы - қазақстандық.
Алматыда бокстан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы төрт алтын, екі күміс, екі қоламен тұңғыш рет бірінші орынға шықты.
Ереже бойынша жартылай финалға шыққан боксшы кем дегенде қола медаль алады. Осы ережеге сүйенсек, қазірдің өзінде Қазақстан құрамасында сегіз жүлде бар.
Тағы