Риода әйелдер күресінен қола жүлдегер атанған Эльмира Сыздықова Азаттыққа сұхбатында өзінің тұрмыс құрып, ана болғысы келетінін айтты. Бірақ әуелі Токио ойындарына қатысып, жүлдеге таласқысы келеді.
Рио олимпиадасында Қазақстан тағы үш медаль алды. Боксшы Ниязымбетов пен балуан Манюрова екінші рет олимпиада финалына шығып, күміс жүлде иеленді.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Рио олимпиадасының финалында жеңілген Әділбек Ниязымбетов туралы пікір айтты.
Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен күрестен қола жүлдегер Элмира Сыздықовамен баспасөз мәслиxаты
Бокстан 69 килограмда Қазақстан боксшысы Данияр Елеусінов олимпиада чемпионы атанды. Қазақстан бұл салмақта төртінші олимпиада қатарынан үздік шықты.
Ол ширек финалда 25 жастағы Хадиджа Әл-Мардиді (Марокко) 3:0 есебімен жеңді. Енді Шәкімова жартылай финалда Лондон олимпиадасының чемпионы Кларесса Шилдспен (АҚШ) кездеседі. Лондонда Шилдс жартылай финалда қазақстандық Марина Вольнованы жеңген еді.
Рио олимпиадасында бокстан 91 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бәсеке финалында төрешілер шешімімен ресейлік Евгений Тищенко - алтын, қазақстандық Василий Левит күміс жүлде алды. Алайда бокс сарапшылары мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне наразы.
Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Риода алған қола жүлдесін «алтынмен тең» деп бағалайды. Ол - Қазақстанның екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы жеңіл атлеті.
Риода Фиджи, Вьетнам және Пуэрто-Рико спортшылары алғаш рет олимпиада алтынын жеңіп алды. Әйгілі жүзгіш Майкл Фелпс сингапурлық жас спортшыдан қалып қойды. Бассейндегі судың түсі неліктен өзгергенін анықтай алмай жатыр.
Шетел баспасөзі Риода серпе көтеруден әлем және олимпиада рекордын жаңартқан қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимовқа назар аударған. «Кезінде допингпен ұсталғанына» бола оның жеңісіне күмән білдіретіндер де бар.
Рио олимпиадасында Қазақстан кешегі жалпы есептегі 30-орнынан бүгін 11-сатыға көтерілді. Мұндай өзгеріске ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзгіш Дмитрий Баландиннің алтын жүлделері әсер етті.
Қазақстанның 23 жастағы ауыр атлеті Жазира Жаппарқұл әйелдер арасында 69 килограмм салмақ дәрежесі бойынша Рио олимпиадасының күміс медалін алды. Спортшы бұл жүлдесіне қуанғанымен, бас бапкер Алексей Ни «алтын алатын мүмкіндік болған еді» деп өкінеді.
Тағы