Қазақстан үкіметінің қаулысымен мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі құрамында тіл комитеті құрылды. Жаңа комитет тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен айналысатын болады.
Қостанай облысын мемлекеттік тілге көшіру мәселесі қиыншылық туғызып отыр. Өйткені Қостанайда әлі күнге шейін орыс халқының үлес салмағы басым болып отыр.