Қарағанды облысы Шахан кентіндегі көпқабатты үй тұрғындарының орталық жылу жүйесін орнатса деп армандағанына 20 жылдай болды. Бес қабатты үйдегі жылу қазандығы жарылып, бір подъез құлап, тоғыз адам қаза тапқаннан кейін тұрғындар бұл мәселені тағы көтерді. Бірақ биылғы қысты шахандықтар орталық жылу жүйесінсіз өткізеді. Биліктің айтуынша, жобалау-сметалық құжаттар қайта жасалып жатыр, ал қазандық құрылысы келер жылы басталуы мүмкін.