31 мамыр - Қазақстанда саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні Алматы қаласында СССР кезіндегі ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылды.
Поляктардың Қазақстанға жаппай депортацияланғанына - 80 жыл. Соғыстың алдындағы жылдары Украинаның батыс аудандарынан Қазақстанға 40 мыңнан 95 мыңға дейін (нақты саны белгісіз) поляк депортацияланған. Олардың ішінде Креницкийлер әулеті де болған.
«Қазақстанда сталинизм зерттелмейтін тақырыпқа айналып, билік пен элита Украина дағдарысына енжар қарап отыр» дейді «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Бейбіт Қойшыбаев Азаттыққа.
Жергілікті тарихшы 1930 жылдары Қазақстанда болған ашаршылыққа саяси тұрғыдан да, академиялық зерттеу тұрғысынан да әділ баға берілген жоқ деп санайды.
Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап жазған неміс тарихшысы Роберт Киндлер Азаттыққа берген сұхбатында «зардаптарына қарамастан, ашаршылықты геноцид деп есептемейтінін» айтты.
Алматылық белсенділер «сталиндік респрессияға қатысқан большевиктің» атында көше болуына қарсы. Тарихшылар Қазақстанның советтік құндылықтардан арылмағанын айтады. Әкімдік «халық пікірін ескеруге» шақырады.
Астанадағы Мирзоян көшесіне Сәтбаев есімі берілетіні туралы хабар әрқилы пікір туғызды. Тарихшылар Сталин тапсырмасын орындаушы болған Мирзоянның да репрессиядан құтылмағанын айтады.
Украинада 80 жыл бұрын қолдан жасалған ашаршылық (Голодомор) құрбандарын еске алып жатыр. 1932-1933 жылдары елде миллиондаған адам аштан қырылған еді.
Украина «1930 жылдардағы геноцид» деп мойындалған Голодомор құрбандарын еске алып жатыр. «Астана сол жылдары Қазақстанда да болған ашаршылыққа саяси баға беруге әлі жасқанады» дейді тарихшы.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай Ресей мен Кавказдан Қазақстанға миллионға жуық адам «сенімсіз халық өкілдері» ретінде күшпен қоныс аударылды.
Қазақстандық архивтер мерзімі 30 жылдан асып кеткен құжаттарды да зерттеушілерге бермей отыр деп санайды бірқатар тарихшылар. ҰҚК мен орталық мұрағат өкілдерінің пікірі басқаша.
Тағы