31 жыл бұрын Совет одағы Ауғанстаннан шектеулі контингентін шығарды. 1979 жылы ауған билеушісі Хафизулла Әминнің резиденциясына шабуыл жасаудан басталған он жылдық соғыс осылай аяқталды. Тәж-Бек сарайын басып алу мақсатындағы құпия операцияға СССР билігі "мұсылман батальонын" пайдаланған.
Сталин билігі тұсында Сібірден Ақтөбеге жер аударылып, кейін "халық жауы" ретінде атылған Иван Завадовскийдің фотосуреттері мен құжаттары шөбересінің қолына тиді. Ұрпағы бабасының тағдыры отбасына 90 жыл бойы беймәлім болғанын айтады.
Сарапшылар 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстанның тұңғыш Конституциясы "демократия қағидаларына жақын болды" деп санайды. Онда "Президент референдум жайлы шешімді Жоғарғы кеңеспен ақылдасып қабылдайды" деп жазылғанымен, 1995 жылы жаңа Конституция қабылданғанда Жоғарғы кеңес болған жоқ.
1979 жылы желтоқсан айының басында Совет одағының билігі Ауғанстан басшысы Хафизулла Амин АҚШ арнаулы қызметімен әріптестік орнатқан деп күдіктеніп, оның көзін жою туралы шешім қабылдады.
33 жыл бұрын Қазақстанға бейтаныс адамды басшы етіп тағайындаған Мәскеудің шешіміне қарсы шыққан қазақ жастары билікке үнін бейбіт шеру арқылы жеткізугбүгіне талпынды. Бірақ олардың үміті ақталмады. Сол кездегі жұмысшы және студенттер Азаттыққа естеліктері жайлы айтып берді.
"Егемен Қазақстан" газетінің мерейтойы қарсаңында "Жүз жылдың ішінде қазақтың жоғын жоқтап, мемлекеттің сөзін сөйлеп, елдің мəселесін айтқан бірден-бір газетке айналды" деп құттықтаушылар көбейді. Бұл пікірмен келіспейтіндер "совет қуғын-сүргініне үлес қосқанын да ұмытпау керек" деп санайды.
Архангельск қаласында 1920-1930 жылдары атылған қуғын-сүргін құрбандарына арналған жаңартылған мемориал ашылды. Бастамашыл топ өз қаржысына ескі зиратты екі жылға жуық уақыт жөндеп, қалпына келтірген.
Шығыс Қазақстан облыстық соты қамауда отырған "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.
Сталиндік қуғын-сүргін мен идеологиялық қысым қазақстандық археологияның негізін салушы және халық эпостарын зерттеуші, академик Әлкей Марғұланды да айналып өтпеді.
60 жыл бұрын Теміртауда Қазақстан Магниткасы құрылысшыларының тұрмыс жағдайының нашарлығына наразылығы милициямен қақтығысқа ұласып, адамдар мерт болған. Теміртаудағы қанды қақтығыс туралы ұзақ уақыт бойы айтылмай келді.
Сарапшылардың кейбірі Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаевты "қоғаммен диалог орната алатын тұлға" десе, енді бірі "компромисті білмейтін қатты адам" деп санайды. Көшербаевтың өзі "біздің кезеңімізді ұрпағымыз ризалықпен еске алады" деп жазады.
Алматыдағы "Шаңырақ оқиғасынан" бері 13 жыл өтсе де, осы іс бойынша ұзақ мерзімге сотталған Арон Атабек пен Құрманғазы Өтегенов әлі де түрмеден шықпады. Екеуі де қазір Павлодардағы уақытша қамау абақтысында отыр.
Тағы