Совет өкіметі қанша құдіретті болғанымен, пропагандасы ондаған жыл бойы тынбай жұмыс істесе де өз халқының Батыс радиоларын, соның ішінде Азаттық радиосын да тыңдауын тоқтата алмады. Азаттықты қаралау Совет одағы тараған соң тоқтағандай болған, бірақ авторитаризм күшейгенде қайта қылаң берді.
Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың үш томдық академиялық жинағы Совет одағы құлаған соң 32 жылдан кейін ғана жарыққа шықты. Ақын неге басқалардан кеш ақталды деген сұраққа оның көзін көрген, туысы болғаны үшін қуғындалған адамдардың Азаттық қорында сақталған естеліктерін келтіре отырып жауап іздедік.
1931 жылғы 2 қазанда совет билігі тергеусіз, сотсыз атып өлтірген ақын Шәкерім қажы Құдайбердіұлы 1958 жылы ақталған. Бірақ оның ақталуы тосқауылға тап болды. Бұл үрдіс 30 жылға созылды. Азаттық радиосы 50 жыл бұрынғы бір хабарында Шәкерім жайлы, оның шығармалары қолжазба күйінде тарағанын айтады.
Қазақстан алғаш рет 1992 жылғы 31 мамырда совет кезіндегі Ашаршылық құрбандарын қоғам болып аза тұтты. Бірақ еске алу шарасына президент Назарбаев қатыспады. Билік неге бар кінәні Сталинге артып, тұтас жүйеге саяси баға беруден жалтарды? "Азаттық радиосына 70 жыл" аудиоподкасын тыңдаңыз.
Ресейдің Иркутск және Пермь облыстарында 1930 жылдары атылған Литва және Польша азаматтарына орнатылған ескерткіштерді сүріп тастаған. Бұл ескерткіштер Пивовариха селосы маңында репрессия құрбандары жаппай көмілген жерде тұрған еді. Сталин билігі тұсында бұл жерде НКВД-нің арнайы аймағы болған.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннің ертесіне Алматының бас алаңында елдің алдында сөйлегендердің көбі Желтоқсан оқиғасынан гөрі тәуелсіздік пен президент Назарбаев туралы көбірек айтып, құттықтау тілек білдірген. Азаттық радиосы сол кезде жиын туралы бірнеше бөлімнен тұратын хабар әзірлеген.
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде түсірілген бұл суреттер Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада сақталған Хасен Оралтайдың коллекциясынан алынды.
Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясының қорытындылары қандай болды, ұсыныстар қаншалықты ескерілді? Азаттық радиосының 70 жылдығына арналған подкастың үшінші эпизодында осы туралы айтамыз. Желтоқсан оқиғасында Алматыдағы алаңға жиналған адамдардың кейбір суреттері Азаттық радиосына да жеткен.
Бүгін, 1 наурызда Азаттық радиосының алғашқы хабары эфирге шыққанына 70 жыл толды. Азаттық 70 жылдыққа орай арнайы аудиоподкаст пен мақалалар тізбегін жариялауды бастайды. Бүгінгі тақырып – радио қалай құрылды, оны кім қаржыландырды, Азаттық қандай трансформациядан өтті?
Бес жыл бұрын осы айда "Мемориал" адам құқықтарын қорғау ұйымының Карелиядағы бөлім басшысы Юрий Дмитриев қамауға алынды. Сталин террорын әшкерелеген тарихшы "Север.Реалии" тілшісінің сұрақтарына жауап берді.
Тағы