Наурыздың 3-күні Қазақстан коммунистері конституцияға сілтеме жасай отырып, Қазақстанның қазіргі басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келесі президент сайлауына қатыса алмайды деп мәлімдеме жасады.
Ақпанның 28-і күні АҚШ мемлекеттік департаменті 2004 жылы әлем елдеріндегі адам құқықтарының жай-жапсарына арналған дәстүрлі жылдық баяндамасын жария етті. Бұл құжатта бұрынғы совет одағының құрамында болған елдерден Грузия мен Украинадан басқаларында саяси даму процестерінің баяу жүріп жатқандығы айтылған.
Президенттік «Отан» партиясы мен оппозициялық күштердің пікірлері бір мәселеде тоғысып отыр - екі тарап да Қазақстанда президент сайлауы биыл өткені жөн деп санайды.
Мерзімді басылымдарда Қазақстанға жаңа конституция керек пе деген мәселе төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылыпты. Кейбір газеттер “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы Әлихан Бәйменовтің партия аппаратын Астанаға көшіруге күш салып жатқандығын хабарлапты.
Жұма күнгі басылымдарда Қазақстан президентінің биылғы ел халқына жариялаған дәстүрлі жолдауы талқыға салыныпты.
Қазақ диссиденті Кәрішал Асанов пен Қазақстан Жоғарғы сотының бұрынғы төрағасы, қазірде Қазақ заң университетінің ректоры әрі Демократиялық партияның төрағасы Мақсұт Нәрікбаев бір-бірінен 10 миллион доллар талап етіп, сотқа жүгініп жатыр.
Қырғызстанның үш бөлігінде басталған шерулер сәрсенбі күні шырқау шегіне жетті. Үш үміткердің парламент сайлауына түсуіне салынған тиымның алынып тасталуын талап етіп Кочкор ауданында шеруге шыққандар аймақ әкімі Тариел Айтбаевтың көлігін бөгеп тастады. Әкім шерушілерді тарауға шақыруға тырысқан еді. Ал, Ыстықкөл және Нарын аймақтарындағы шерулерге шамамен 9 мыңдай адам қатысқан.
Алдағы жексенбі – 27 ақпанда Қырғызстан ғана емес, Тәжікстанда да жаңа парламент сайлауы өткелі жатыр. Бұл 1990 жылдары Тәжікстанда азамат соғысы болғаннан бері парламентке өткелі отырған екінші сайлау.
Қай сайлауда болмасын кандидаттарға өзін қалың көпшілікке жақсы танымал етудің оңай еместігі белгілі. Бұл әсіресе жексенбіде Қырғызстанда өтетін парламент сайлауы алдында анық байқалып отыр.
Сейсенбілік басылымдарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі жолдауына қатысты мақалалар жарық көрді. Сондай-ақ, газеттер “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов жайлы жазыпты.
«Ақ жол» партиясы тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы бастаған топ Әлихан Бәйменов бастаған екінші топтың партия пленумында қабылдаған шешімін жоққа шығарды.
Сенбі күнгі газеттерде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі жолдауы мен соған қатысты сарапшылардың пікірлері жарық көріпті. Тәуелсіз басылымдарда экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің Қазақстанға қайтып оралуы мүмкін екендігі туралы болжамдар айтылыпты.
Тағы