Ресейде өткен парламенттік сайлау халықаралық демократиялық талаптарға сай болмады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жасалған қортындысы осындай. Бұл пікірге Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі де қосылды. Үкіметшіл партияларға барлық есік ашылып, демократияшыл бағыттағы партияларға жер жерде кедергі жасалғанын, сөйтіп олардың парламенттен күшпен ығыстырылғанын батыс ұйымдары қатты сөгіп жатыр.