Осы аптада Ауғанстан астанасы Қабул қаласында жиналған 500 кісілік Лойя Жырға құрылтайы Ауғанстан конституциясын қабылдауға жақын. Құрылтайда Ауғанстанда президенттік билік күшті болуы керек пе, әлде парламенттік жүйе күшті болуы керек пе деген мәселеде пікірлер қақ жарылып отыр.
Қазақстандағы Ұлттық Телекоммуникациялық қауымдастық мүшелеріне, республиканың Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттіктің «Байланыс туралы» заңға енгізуді көздеген өзгерістері ұнамай отыр.
Желтоқсанның 17-күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде өлім жазасына мораторий жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Игорь Рогов жария етті.
1903-інші жылы АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында ағайынды Уилбер және Орвилл Райттер аспанда бірнеше метрге ұшқанына 100 жыл толды. Осы алғашқы ұшақтың көтерілгенінен соң аэронавтика өндірісі күллі әлемде қарқынды дамып, қазір миллиондаған адамдар жер шарының шар тарапына қатынайды.
Саддам қолға түскеннен кейін Ирақтың жойқын қаруы туралы жасырылған орын туралы жаңа айтыс-тартыс басталды.
Осыған орай 17 желтоқсанда таңертеңгі сағат оннан бастап сол көтеріліске қатысқан және оқиға құрбандарын еске алуға азаматтар жиналды. Алматыдағы Тәуелсіздік монументі түбінде көтеріліс құрбандарына бағышталып, құран оқылды.
БҰҰ-ның Бас хатшысының айтуынша, Саддам Хуссейн қолға түскен сәте,Ирақта тұрақтылық орнату үшін бәлки биліктің өзгеріске ұшырағаны орынды болар. Аннан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында билік АҚШ басшылығындағы одақтастардың қолынан Ирақтың уақытша үкіметінің қолына шапшаң берілсе,-деді.
Қырғызстаның Майлы су қаласында шайылып кету қаупі бар тау жотасында орналасқан 23 радиоктивті көмбе, төменде жатқан Ферғана алқабының 12 миллиондай халқына қауіп төндіріп отыр. Бұл 1946 ыншы жылдан бері жұмыс жасаған уран шахтасынан шыққан 2 миллион текше метр көлеміндегі қалдықтар.
Осыдан 17 жыл бұрын Совет Одағы компартиясының көсемдері жергілікті ұлттық мұң-мүддесімен санаспай, ақылдаспай Қазақстан жетекшісі Димаш Ахметұлы Қонаевты қызметінен босатып, оның орнына Мәскеуден өзге ұлттың өкілін жіберуіне наразы болған қазақ жастары Алматының орталық алаңына шықты.
Тағы