Мәскеу жағы Шешенстанда жағдай қалыпқа түсе бастады десе құқық қорғау ұйымдары бұл республикада адам құқықтары әлі де тапталып жатыр деп дабыл қағуда. Құқық қорғаушылар Шешенстан тұрғындары екі жақтан да Ресей жасақтары тарапынан да, шешен көтерілісшілері тарапынан да запа шегіп отыр дейді.
Цырил Свобода Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауынан кейін, журналистермен кездесті.
БҰҰ-ның өкілдер тобы Ираққа таяу күндерде қайтып оралуды жоспарлауда. Ондағы мақсаттары- маусымның 30-ына дейін сайлауларға дайындық жасап үлгеру мүмкін бе, жоқ па деген тақырыпта жергілікті сайлаушыларға ақыл-кеңес беру.
Aуған теледидарынан әйел әншілерді көрсету керек пе, жоқ па?- деген сауал ел билігіндегілер үшін едәуір айтыс-тартыс туындатуда. Қарзай өкіметі болса, консервативтік бағыттағыларға қарсы уәж айтып, әйел әншілерге теле-радио толқындарында кең орынның берілуін қолдауда.
Сәрсенбі күні Конгресс комитеті алдында сөйлеген сөзінде АҚШ қару сарапшыларының бұрынғы жетекшісі Дэвид Кей өткен жылы соғыс алдында Ирақта жойқын қарудың болғаны дәлелденбеген еді деді.
Сейсенбі күні БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Ирақтың тәуелсіздігін орнату үшін ертерек, 30 маусымға қарай сайлау өткізуге қаншалықты мүмкіндік бар екендігін барлап, жан-жақты зерттейтін арнайы топты жөнелтетіндігін мәлімдеген.
Қырғызстанның Орталық сайлау комитеті елдің сайлау заңына енгізілген түзетулер мен өзгерістер мақұлданғанын хабарлады. Жаңадан кіргізілген өзгерістердің кейбірі кандидаттар мен саяси партияларға ғана қатысты болып қоймай, сайлау алдындағы науқанның БАҚ-да жазылып, қамтылу әдістеріне да әсер ететін түрі бар.
Мерзімді басылымдарда, Қазақстан мемлекетінде мұнайдан түсетін пайданың әр адам баласына шаққанда қанша доллардан шығатындығы сырт көзден жасырылып, жұмбақ күйінде қалып отырғандығы және тағы да басқа саяси-әлеуметтік тақырыпқа арналған материалдар жарық көрген.
Еуропа кеңесі сейсенбі күні Әзірбайжандағы саяси тұтқындар мәселесін талқылады. Әзірбайжанның демократиялық құндылықтар бойынша өз мойынына алған міндеттерін қалай орындап отырғанын тексерді. Осыдан бір апта бұрын Хюман Раитс Воотш құқық қорғау ұйымы Әзірбайжандағы оппозицияға үкіметтің шүйлігіп отырғанын қатты сынға алған болатын.
Тағы