Қаңтардың 20-сы күні исламның ұлық мерекесі - Құрбан айт мейрамы басталды. Қазақтар ертеден келе жатқан діни салт-дәстүрге сай, Аллаға құрбандық шалып, қатым түсірді.
Парламент мәжілісінің депутаты Мұхтар Шаханов «Діни наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынады. Адам құқығын қорғаушылар қай дінді таңдау немесе таңдамау - әр адамның өз құқығы екенін алға тартады.
Қажылық сапарды ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар осы қасиетті үдеріс кезінде де пайда тауып қалуға тырысады дейді мінәжат етушілер.
Бейсенбі күні жарық көрген басылымдар мұсылмандардың ұлық мейрамы Құрбан айттың басталғандығын атап өтіпті. Ал кейбір тәуелсіз басылымдар қазақ-ресей шекарасын делимитациялаудың аяқталғандығына айрықша назар аударыпты.
Қостанай облысының полиция қызметкерлері осы өңірдегі шаруа қожалығында бірнеше жыл бойы еріктерінен тыс мәжбүрлеп жұмысқа салынған бес адамның босатылғаны туралы ақпарат таратты.
Қаңтардың 20-сында Астанадағы орталық мешітте мұсылман жамағат ұлық мерекесі - Құрбан айтты таң намазынан бастады. Бұл күні осында келген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та сәждеге жығылып, құрбандық шалды.
Семей қаласында жаңа жылдың алғашқы 20 күні ішінде кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығына ата-ананың қарауынсыз қалған 26 бала түскен.
Қаңтардың 19-ы күні Пәкістан астанасы Исламабад қаласындағы өз үйінде Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Сапарғали Әубәкіров белгісіз жағдайда басынан тиген оқтан ауыр жараланғаны туралы ақпарат тарады.
"Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының адвокаттарының арыз-шағымын қараған Алматы қалалық ауданаралық экономикалық соты осы оппозициялық партияны жабу туралы аудандық соттың бұрынғы шешімін күшінде қалдырды.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің талап арызы бойынша оппозициялық «Сөз» газетіне қарсы сот процесінің қаңтардың 19-ы күнгі кезекті отырысында басылым адвокаты Сергей Уткин соттан талапкердің адвокаты Анатолий Гинзбургтің сенімхатын заңсыз деп тануды сұрады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің терроризмге қарсы комитеті келеі аптада Алматы қаласында өзінің 4-ші аймақтық кездесуін өткізуді жоспарлап отыр.
Осыдан үш жыл бұрын Алматыдағы цирк ғимаратында барша қазақстандық оппозиция бас қосып, Қазақстанға саяси реформалар қажеттігі жөнінде жариялаған болатын. Содан бері жыл сайын олар қаңтардың 19-ы күні жиналып, өткен жылға саяси баға береді.
Тағы