Кезекті мерзімге АҚШ президенті болып қайта сайланған Джордж Буштың инаугурация кезінде «әлемде тираниямен күрес» туралы сөзі қазақстандық оппозицияның құлағына майдай жақса, билікті қолпаштайтындар оны жақтырмай отыр.
Ресей мемлекеттік думасы жетекшілерінің бірі Владимир Жириновскийдің Қазақстан жайында айтқан сөзіне Алматыдағы Ресей бас консулдығына наразылық хатын табыс етуге келген “Азат” қозғалысы мен “Желтоқсан” қоғамдық ұйымының белсенділері бұл шараны Қазақстанда шығатын оппозициялық газетті өртеумен аяқтады.
Парламент депутаты Ерасыл Әбілқасымов «Асар» партиясының мүшесі, «Асар – Қазақстан» партиялық газеттің бас редакторы, «Хабар» агенттігінің бұрынғы бас директоры Владимир Рерихке іздеу салып, Қазақстан үкіметінің басшысына сауал жолдады.
Бішкек-Новосібір бағыты бойынша Қазақстан арқылы Ресейге кетіп бара жатқан автобус жолда бұзылып, қақаған аяздан көліктегі 38 жолаушының біреуі үсіп өлген.
Бейжіңде Қазақстан мен Қытай өкілдері екі ел шекарасында «Қорғас» қарым-қатынас орталығын ұйымдастыру мәселесі жөнінде келіссөздер өткізуге келісті.
Сәрсенбі күні Алматыда БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің лаңкестікке қарсы комитетінің төртінші отырысы басталды. Екі күндік жиынға әлемнің елуден астам елдерінен және 46 халықаралық ұйымнан келген 160-қа жуық адам қатысып отыр.
Бүгін шыққан газеттерде оппозициялық партияны жабу туралы сот шешіміне орай халықаралық ұйымдардың алаңдаушылық танытып отырғандығы және Қазақстан бас прокуратурасының елдегі кейбір саяси партияларды тексеруге кіріскендігі хабарланыпты.
Қазақстан биыл шетелден 15 мың қазақ отбасын көшіріп әкелуді жоспарлап отыр. Бірақ атажұртқа квотасыз көшіп келетін оралмандар саны бұдан екі-үш есе көп болады дейді мамандар.
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жылу электр станциясында болған апат салдарынан қаланың 15 мыңға жуық тұрғыны осымен үшінші күн жылусыз отыр. Бұл қала халқының шамамен 70 пайызы. Бөлмелердегі жылу небары 1-3 градус қана болғандықтан мектептер мен ауруханалардың жұмысы тоқтатылған.
Қаңтардың 25-і таңертең Алматыдағы «Баянауыл» автокөлік базарының сатушылары Райымбек көшесінің жолын бөгеп, базардың жабылуына қарсылықтарын танытты. Саудагерлер өздерін Қаскелеңдегі жаңа базарға көшуге мәжбүр етуге мүдделі біреулер базарды қолдан жабуға тырысып жатыр деп санайды.
«Мемлекеттік сатып алу» туралы заңға енгізілген өзгерістер бойынша конкурстық жарнамалар жариялау құқығын үкімет таңдаған бір басылымға берумен келіспеген жеке меншіктегі бірқатар басылымдар басшылары Қазақстан президентіне ашық хат жазып, жәрдем сұрап отыр.
Жапония үкіметі Алматыдағы Сызғанов атындағы хирургия ғылыми-зерттеу орталығына медициналық қондырғылар тапсырды.
Тағы