Финляндия сыртқы істер министрі Эркки Туомиойя қазақстандық әріптесі Қасымжомарт Тоқаевпен Астанадағы кездесуінен кейін журналистерге берген брифингте "Финляндия Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайды" деп мәлімдеді.
Қазақстан үкіметінің қаулысымен мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі құрамында тіл комитеті құрылды. Жаңа комитет тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен айналысатын болады.
Демократия ұғымының жай-жапсары жайлы қазақ тіліндегі оқулық Алматыда басылып шықты. Оны шығаруға Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен «Street Law» үкіметтік емес ұйымы мұрындық болған.
Әлемде өзге мемлекеттер ядролық қаруын дамытып жатқан тұста, сарапшылар Қазақстанға ядролық физика саласын дамытқан тиімді деп санайды.
Тәуелсіз басылымдар Алматы қалалық сотының "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясын жабу туралы бұрынғы шешімді күшінде қалдырғаны және аймақтарда осы партияның мүшелеріне қысым көрсету оқиғаларының жиілеп кеткені туралы жазыпты.
Қазақстанда оппозициялық үш партия біріккен демократиялық күштердің үйлестіру кеңесінен соң, осы айдың соңында өз елдерінде парламенттік сайлауларға қатысатын Қырғызстан мен Тәжікстанның оппозициялық партиялары да күш біріктіре бастады.
АҚШ-тың Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларында «Қазақ даласының сазы мен әні» деген атаумен Қазақстан өнерпаздарының концерті өтті.
Тараз қаласындағы "Қазфосфат" кәсіпорнында жұмыс істеген 140 зейнеткер екі жылдан бері төленбей келе жатқан зейнетақыларын даулап, аштық жариялауға дайын отырғанын жеткізді.
Мерзімді басылымдарда Қазақстан бас прокуроры Рәшит Түсіпбековтың Ресей бас прокуроры Владимир Устиновке Ресей думасының вице-спикері Владимир Жириновскийді Қазақстанның жер аумағына қатысты айтқан сөзі үшін жауапқа тартуға шақырғаны туралы хат жолдағаны айтылыпты.
Ақпанның 9-ы күні Қазақстан әділет министрлігінде өткен алқа отырысында премьер-министр Даниал Ахметовтың Қазақстандағы жылжитын және жылжымайтын мүлікті заңдастыру турасындағы нұсқау-ұсыныстарына орай парламент мәжілісінің депутаттары мен экономист-ғалымдар түрліше пікірлер білдіріп отыр.
Ақпанның 10-ы әлем мұсылмандары қасиетті Хиджра мерекесі - мұхаррам айының басталуын тойлайды. Жаңа 1426 жылдың бастамасы мұсылман ай күн тізбесіндегі мұхаррам айы мен Хиджра бойынша мұсылмандар өмірінде айрықша мәнге ие.
Қазақстан парламентінің мәжілісі «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына парламент сенаты енгізген өзгеріс, толықтырулармен келісті. Заң жобасы енді Қазақстан президентінің қол қоюына жіберілді.
Тағы