«Қырғызстанда болған оқиға революция емес, бандитизм және тонау» деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Астанада наурыздың 31 күні Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына берген жауабында.
Бейсенбі күні шыққан газеттер арқылы қазақ опппозициясы алдағы президент сайлауы бұрмалаушылықтар мен заң бұзушылықтар негізінде өтсе, қарапайым халықты алаңға алып шығатындығын мәлімдепті. Алайда, Қырғызстандағы төңкерістен соң Қазақстандағы ресми билік өз режимін күшейтуге қатты кірісіп кеткен көрінеді.
Талдаушылардың айтуынша, Украина үкіметі уәде еткендей реформалар өткізуге тырысып жатыр, сондай-ақ олардың кейбір салаларда енгізген өзгерістері сәтті көрінеді. Бірақ, украиндықтардың көбі елде бұдан да көбірек өзгерістер тезірек болуын қалайды.
Алматыда «Орталық Азия елдерінде қоғамдық ұйымдарға бірігу бостандығы және бейбіт жиындар өткізу құқығы» тақырыбына өтіп жатқан аймақтық конференцияға Орта Азия елдерінен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен адам құқығы жөніндегі халықаралық сарапшылар қатысып отыр.
Қарағандылық шахтерлер Лакшми Митталға қойып отырған талаптары орындалмайтын болса, кең ауқымды наразылық шараларын өткізу үшін британ кәсіподақтары конгресімен бірге «Миттал Стилдің» Лондондағы бас кеңсесі алдында пикет ұйымдастыруға шығатындарын мәлімдеп отыр.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қазақ әліп-биін латынға көшіру мәселесі қоғамда оқтын-оқтын көтеріліп келеді. Кейбір деректерге қарағанда, латын жазуын қабылдауды қолдайтындар қатары көбейе түсуде. Бұл мәселеге қатысты жастар арасында да әрқилы көзқарас бар.
Алматы қаласында құмар ойнап, көңіл қоздыратын казинолардың саны қазір 50-ге жуықтап отыр. Ал Астанада олардың саны, ресми деректер бойынша, 13-ке жеткен екен.
Сәрсенбі күнгі басылымдарда Қырғызстандағы оқиғалардан соң Алматыда тамақ өнімдері мен киім-кешек тауарларының қымбаттай бастағаны айтылыпты. Сондай-ақ Қарағанды шахтерларының еңбекақыны көбейтуді талап етіп жаппай шеру өткізуді жоспарлап отырғаны да негізгі тақырыптардың бірі.
Ауғанстанның 34 аймағында көкнәр егудің азая түскен делінген БҰҰ-ның арнайы зерттеуінде. Мұндай жағдай Ауғанстанда соңғы төрт жыл ішінде алғаш қалыптасып отыр. Бұл зерттеу жексенбі күні жарияланған болатын.
Жыл сайын АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам хұқықтарының сақталуы және демократияның жайы жөнінде екі мәрте баяндама жариялап тұрады. Сондай-ақ, Құрама Штаттардың өкіметі осы мәселелерді қалай жүргізіп келе жатқаны жөніндегі бөлек баяндаманы мемлекеттік департамент дүйсенбі күні жариялады.
Дүйсенбі күні Азияның оңтүстігінде күшті жер сілкінісі болды. Ресми өкілдердің айтуынша, Суматра аралында орын алған зілзаладан 1000-нан астам адам қаза болған көрінеді. Қазіргі кезде құтқарушылар осы апаттан аман қалғандарды іздеп жатыр.
Қырғыз елінде бизнесін жүргізіп жатқан қазақстандық бірқатар банк өкілдері наурыздың 28-нен ол елдегі жұмысын қайта жалғастырды.
Тағы