Қазақстан парламентінің елдің қолданыстағы сайлау заңына сайлау кезіндегі бейбіт жиындар мен шерулер өткізуге шектеу қоятын өзгертулер енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауы Қазақстан қоғамында пікірталас туғызып отыр.
Көкектің 8-і мен 20-сы аралығында Сауд Арабиясы корольдігінің төрт қаласында өтетін спорт ойындарына Қазақстаннан 70-ке жуық спортшы жастар қатысуға аттанып кетті.
Қазақстанда 2004 жылдан бері қарай некеге тұру саны көбейіп, ажырасу азайған. Алайда, басқа облыстармен салыстырғанда, Астана қаласында керісінше, ажырасу саны өсіп отыр екен.
Көкектің 5-і күні Ресейдің Қазақстандағы елшісі Владимир Бабичев президент Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтарға Ресейдің орден, медалдерін салтанатты түрде табыс етті.
Сейсенбідегі басылымдар Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің дүниеден өткеніне баса назар аударыпты. Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың президенттік өкілеттілігін доғару туралы хаттамаға қол қойғандығы да газеттердің негізгі талқылап жатқан тақырыптарының біріне айналған.
Католик шіркеуіне 26 жыл басшылық етіп, сенбі күні қайтыс болған әлемге әйгілі дінбасы Иоанн Павел ІІ-мен соңғы рет қоштасу үшін миллиондаған адам Ватиканға сапар шекті.
Қазақстандық кәсіпқой РR клубтары студенттік РR жобаларға үшінші республикалық байқау жариялады. «Пиаршы» қауымдастығының өкілдері жоғарғы оқу орындарында пи-ар туралы мағлұмат беретін сабақтардың қысқаруы Қазақстан компанияларының дамуына кесірін тигізетінін айтып отыр.
Ватиканда бірнеше ғасырдан бері қалыптасқан дәстүр бойынша, қызмет басындағы понтифик дүние салғаннан кейін жаңа Папаны сайлар алдында тиісті ғұрып-рәсімдер жасалады. Міне, енді Иоанн Павел ІІ-нің қазасынан кейін де сондай дәстүрлі дайындық басталып кетті.
Көрші елдегі саяси ахуалдың барысын бақылап отырған қазақстандық саясаткерлер мен сарапшылар Асқар Ақаевтың Қырғызстанның билік басынан ресми түрде кетуін бұрынғы басшының елдегі қалыптасқан жағдайға объективті көзқараспен қарап, қабылдаған шешімі деген пікір білдіреді. Ал, жаңа биліктің ескінің қателігін қайталамауы керектігін ескертеді.
Көкектің 5-і күні Қырғызстанның Жогорку Кенеші Асқар Ақаевтың отставкаға кету мәселесін шешпек. Астанадағы қырғыз азаматтары Қырғызстанның болашағын қалай елестетеді? Олар Ақаев билігі құлағаннан кейін қандай көңіл-күйде?
Бұл күндері жер бетіндегі католиктер соңғы уақытта халі күрт нашаралап жатқан Папа Иоанн Павел ІІ-нің сауығып кетуін жаратушыдан жалбарына тілеп отыр.
Қырғызстанда наурыздың 24-інде оппозициялық күштердің талабымен биліктен шеттетілген соң Ресейді паналаған Асқар Ақаев қызметінен кететіндігі туралы ресми келісімге қол қоятыны жайлы ақпарат тарады.
Тағы