Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстанда коронавирус індеті кесірінен "экономика нашарлап", "саяси режимді либералдандырудың ауылы алыстай түскенін" жазды. Бұған қоса басылымдар биліктің "сайлаудағы бұрмалауды әшкерелейтін ұйымдарды нысанаға алғанына" тоқталды.
Осы аптада басылымдар АҚШ-тағы жаңа әкімшіліктің Шыңжаңда "қайта үйрену лагерлеріне" қамалған миллионнан астам мұсылманға қатысты саясатының қандай боларына болжам жасады. Бұған қоса олар коронавирус вакцинасы үшін Түркия Шыңжаңнан қашқандарды Қытайға экстрадициялауы мүмкін деген болжамды сөз етті.
Осы аптада басылымдар Kaspi-дің артында Қайрат Сатыбалды тұруы мүмкін деген болжам айтты және Қазақстанның банк секторы Назарбаев әулетінің төңірегіне шоғырланып жатқанын жазды. Бұған қоса шетел басылымдары Сағынтаевтың қызы қымбат киімдер дүкенінің "өте маңызды сатып алушысы" екенін де сөз етті.
Осы аптада шетел басылымдары "әлемдегі демократияны тұншықтырған" клептократтар туралы кітапты талқылады және Қазақстанда әлеуметтік теңсіздіктің артқаны туралы жазды. Бұған қоса Қытай шекарасына орнатылған "инновациялық жаңа технологияның" жемқорлық пен парақорлыққа себеп болғаны туралы сөз етті.
Осы аптада шетел басылымдары Британиядағы Қазақстан экс-президентінің әулетіне тиесілі деген дүние-мүлікке қатысты егжей-тегжейлі зерттеу мақала жариялады. Бұған қоса басылымдар Қазақстан үкіметінің теңге бағамын ұстап тұру үшін ұлттық қордың ақшасын жұмсап жатқаны туралы жайында жазды.
Тағы