Осыдан 51 жыл бұрын Қазақстан Магнтикасының құрылысына келген жас жұмысшылар бүлік шығарды. Бұл жайында әртүрлі сыбыстар бар. Біз осы оқиғаның куәгерімен кездесіп, көтерілістің беймәлім қырын тануға талпындық.
Agip KКO мердігері Consolidated Contractors Company құрылыс компаниясының Қашағандағы жасанды D аралында еңбек етіп жатқан қазақстандық жұмысшылардың жалақысы тамыздың 1-інен бастап кәсіби санаттарына қарай өсетін болды.
Бірнеше күн Ақтөбе төңірегін қою түтін торлап алды. Жергілікті экологтар мұны Ресейден келген өрттің лебімен байланыстырады. Сонымен қатар зауыт түтіні мен Ақтөбе алқаптарындағы өрт те назардан тыс қалып отырған жоқ.
Азаттық радиосының тілшісі Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Гранитный кентіне барып қайтты. Сондағы ЕЦ-166/25 түрмесіндегі тұтқындар ереуілін 12 тамыздың түнінде ішкі істер әскері күшпен басып-жаншыған болатын. Тұрғындар түрмеде қалыптасқан жағдай туралы ойларымен бөлісті.
Ақмола облысы Зеренді ауданы Гранитный елді мекенінде орналасқан ЕЦ-166/25 жалпы режимдегі түрмеcінде өткен түні бүлік шықты. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бір тұтқын қаза болды дейді Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Жанат Кешубаев Азаттық радиосына берген сұхбатында. Бірақ құқық қорғаушы Вадим Курамшин бұған күдік келтіреді.
Алғаш келген адамға Қызылағаш ауылында мүлдем апат болмағандай көрінеді. Бұл ауыл бар-жоғы төрт айдың ішінде бастан-аяқ жаңартылды. Қазір Қызылағаштың әкімнен бастап, қарапайым тұрғындарына дейін дайындық қамына кіріскен. Ауылға таяу күндері президент Назарбаев сапарлап келмекші.
Каспий шельфінің Қашаған кенішіндегі жасанды аралдарда еңбек етіп жатқан қазақстандық жұмысшылардың үш күнге созылған ереуілі тоқтады. Consolidated Contractors Company құрылыс компаниясының жұмысшылары жалақыны өсіріп, жергілікті мамандарды кемсітуді жою жөніндегі талаптарын орындау үшін билік пен компания басшылығына он күн мұрсат беріп отыр.
Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде жұмыс істеп жатқан Аджип ККO компаниясының бас мердігері ССС компаниясының жұмысшылары ереуілдетіп жатқанына үш тәуліктен асты. Жүздеген жұмысшылар жалақыны өсіруді талап етеді. Наразылық акциясына шыққандар мердігерлерді өздерін кемсітті деп айыптайды.
Қызылағаш ауылы су тасқынынан соң қалпына келтірілді. Бірақ тұрғындар билік өкілдері ауылдық өмірдің ерекшелігін ескерген жоқ деп шағым айтады. Қора-қопсының дұрыс ойластырылмауы мен жиһаздың тегіс жетпей қалуына қатысты талап-тілектер көп.
Cенбі, шілденің 31-і күні шамамен таңғы сағат 4-те Жамбыл облысы аумағында ірі жол апаты болды. Жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, толығымен жанып кеткен. Екі көліктің жүргізушісімен қоса 18 жолаушының көз жұмғаны хабарланып отыр.
Осыдан төрт жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында ең озық жоба ретінде ашылған «Биохим» кәсіпорнының жұмысы бүгінде тоқтап тұр. 315 жұмысшының бәрі дерлік ақысыз демалысқа жіберілген. Басшылық қызметтегі елу шақты адам ғана жұмыс істеп жүр.
Тарихи Отанына келген жүздеген оралман Қазақстанда қиын жағдайға тап болғандарына шағым айтады. Мал ұстауға жер тапшы болса, жұмысқа тұруға орыс тілін білмеуі бөгет жасаған.
Тағы