Қарағанды облысы Теміртау қаласында ВИЧ-ке шалдыққандардың көбі - жастар мен жұмыссыздар. Дәрігерлер кәсіпорындар мен мекемелерде ВИЧ-тің алдын алу сабақтарын өткізуді ұсынады.
Оралда өнеркәсіп қалдықтары полигоны жұмысын бастамай жатып жұрт наразылығын тудырды. Қожайыны полигонды жетілдіруге уәде еткенімен, тұрғындар кәсіпорынды жауып тастауды талап етеді.
Басқа баспана берместен бос тұрған пәтерден бала-шағасымен бірге шығаруды талап еткен қала әкімдігімен соттасқан Гүлжаз Әбжамалова апелляциялық сотта жеңілді.
Оңтүстік Қазақстандағы дихандар мақтаның килограмын 80 теңгеден бағалауға наразы. Бірақ өңірде текстиль кластерін дамытып жатқанын айтқан билік «дихандарды қанау жоқ» деп мәлімдеді.
Оралда қарсы жолға шығып кеткені үшін бір күнде жүргізуші куәлігінен айырылған 20-дан аса тұрғын сот шешімінің күшін жойғызуға тырысып жатыр.
Қарағанды соты басылым мен журналист экс-шенеунікке тигізген моральдық шығынының өтемақысын төлесін деген үкім шығарды. Ал сарапшы «БАҚ-тың міндеті – ақпарат тарату» екенін еске салады.
Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрды делінген «қылмыстық топқа» қатысты бір жылға жуық созылған сот аяқталды. Бұл іс бойынша 22 адамға үкім шықты.
Қырымда тұратын ресейлік екі азамат 10 күннен бері Орал қаласынан кете алмай жүр. Қазақстан арқылы Ресейдің бір аймағынан екінші өңіріне жүк апара жатқан олардың көлігі Украинада тіркелген.
Шағымданушы журналистен «жала жапқаны үшін» моральдық өтемақы талап етті. Баспасөзді қорғау ұйымы дерегінше, тілшілерді мұндай айыппен сотқа тарту жиілеп барады.
Жақындары Өскемендегі ОВ-156/3 колониясында отырған азаматтар «кеше ол жақтан жедел жәрдем көлігі шыққанын» айтады. Ал департамент түрмедегі тінту кезінде ешкім жарақаттанбағанын мәлімдеді.
Ақмола облысы Атбасар ауданындағы бірнеше ауылдың тұрғындары егін егу мен мал ұстаудың жайы қиындап кеткеніне наразы.
Қалғандария ауылының 100 шақты тұрғыны Қызылордаға жету үшін Сырдариядан күнде қайықпен өтеді. Ал әкімдік ондағы халықтың қалаға көшірілетінін айтып жұбатады.
Тағы