Семей ядролық полигонынан зардап шеккен халықтың 68 пайызы экологиялық төлемдер алмайды. Бұл дерек Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтанушылары жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталған. Үкімет мұндай төлемдер "лайықты деңгейде" болуы керегін, бірақ әзірге оның шешімі жоғын айтады.
Осы аптада аймақ баспасөзі Қытай азаматтарына "жалған құжат" жасап беріп, Қазақстанға келуіне көмектескен "трансұлттық қылмыстық топ" мүшелеріне үкім шыққанын жазды.
Қазақстандағы ауасы ең лас қала деп танылған Теміртауда қоғам өкілдері экологиялық апат мәселесін қайта көтеріп, қажет шаралар қабылдауды сұрады. Билік қоршаған ортаны ластайтын заттарға қарсы күреске көмектеседі деп әлі қабылданбаған жаңа экологиялық кодекске үміт артады.
Қарағанды облысында тұратын бірінші топ мүгедегі жұмыс істеп, оқығысы келеді. Билік оған арналған оңалту бағдарламасында жұмыспен қамту қарастырылмағанын айтады. Женевада өткен БҰҰ сессиясында Батыс елдері Қазақстанға мүмкіндігі шектеулі жандарды өгейсітпейтін орта қалыптастыруға кеңес берген.
Ақтөбеде "хиджаб дауына" бола екі оқушы қыз қыркүйектен бері сабаққа барған жоқ. Орамалын шешкісі келмегендердің бірсыпырасы қыздарға арналған сыныбы бар жеке меншік лицейде, ал кей оқушы Ресейдің онлайн мектебінен білім алып жүр.
Аймақ басылымы осы аптада Қазақстанның батыс өңірінде мұнайшылардың жалақы өсіруді талап етіп, президентке видеомәлімдеме арнап жазғанын, Оралда тәуелсіз бақылаушылар ұйымының тіркеуден өте алмай отырғанын жазды.
Семейдегі Жеңіс саябағына қойылған жауынгер қыз Мәншүк Мәметованың ағаш мүсінін тұрғындар "сапасыз" деп сынағаннан кейін, билік оны алып тастады. Әкімдік мүсінге қатысы жоғын айтты, ал ескерткіш авторлары жұрттан кешірім сұрады.
Екі аймақ – Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының тәжірибесі екі түрлі. Петропавлда азаматтар митингіге рұқсат алуға талпынса, Өскеменде халық мәселені қол жинап шешуге тырысады.
Осы аптада аймақ баспасөзі Оралда ортағасырлық тарихи қалашықтың қоқыс орнына айналып кеткенін, Маңғыстау облысында Солтүстік Бозащы кенішіндегі жұмысшылардың жалақыларын өсіруді талап еткенін жазды.
Қарағанды облысында көп балалы отбасыны осыған дейін атаулы әлеуметтік көмек ретінде алған жарты миллион теңгеден астам қаржыны мемлекетке қайтаруға міндеттеді. Билік "табысын жасырды" деп айыптаған ата-ана өздерін не үшін сотқа бергенін, мемлекет алдындағы қарызын қалай өтейтінін білмейді.
Нұр-Сұлтанда Таяу Шығыстан Қазақстанға жеткізілген 14 адамның соты өтіп жатыр. Терроризм айыбы тағылған күйеуінің сотына қатысып жүрген ақтөбелік әйел Сирияға барып, қатты қателескенін айтады.
Қарағанды облысындағы мүгедек шахтерлар зейнеткерлерге денсаулығынан айрылуына байланысты төлем беруді қайта енгізу және өндірісте ауыр жұмыс істегендердің зейнетке шығу жасын төмендету тәрізді бірқатар ұсыныс жасады. Билік бұл ұсыныстар "концептуалды өзгерістерді" талап ететінін айтады.
Тағы