Семейден 20 шақырым жердегі Балтатарақ елді мекені 22 жылдан бері жарықсыз отыр. 1990 жылдары электр сымын ұрлап кеткен, содан бері жаңа желі тартылмаған. Билік ауыл мәртебесінен айырған қоныста қазір ондаған адам тұрады, көбі мал ұстайды. Олар жарық келсе, мұндағы өмір жанданар еді деп армандайды.