Украинаға еркін кіріп-шығу мүмкіндігіне қайта ие болған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жарлық күшіне енген күннің ертесінде Киевке ұшып келді.
Екі жылға жуық уақыттан кейін Михаил Саакашвили Украина аумағына еркін кіріп-шығу мүмкіндігіне ие болды.
Ресейдің Сургут қаласында Сталин мүсінін орнататын жер іздеуге кірісті. Совет билігі тұсында жер аударылғандардың ұрпағы бұл бастамаға қарсы.
Қытайда қамалған қазақтардың кейбірі елге оралып, бақылаушылар "тоңның жібігенін" айтады. Бірақ Шыңжаңға жуырда барып келген журналистің "күдігі басым". Қазақстан СІМ саяси қамау орындарын "кәсіптік оқыту орталықтары" деп сипаттайды.
Америка Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен шыққанына бір жыл толғанда Вашингтон мен Тегеран арасындағы тартыс ұлғая түсті.
Индонезия астанасы Джакартада мыңдаған адам екінші рет сайланған президент Джоко Видодоға қарсы наразылыққа шықты. Наразылық кезінде алты адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жараланған.
Түркияда туып, Францияда тұрған, арғы тегі алтайлық қазақ Өмір Өзкалп Германияда кәсіпкерге айналды. Түркияда – "Омер", Францияда – "Виктор-Зафер" атанған Өмір шеттегі қазақ жастарының ана тілінен ажырап бара жатқанын айтып қынжылады.
Мамырдың 19-ы күні кешкісін Тәжікстанның Вахдат аймағындағы түрмеде бүлік болып, 32 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің әділет министрлігі хабарлады. Мерт болғандардың үшеуі – түрме қызметкері. Бүлік кезінде 29 жазасын өтеуші өлген.
Мамырдың 20-ы күні Украина парламентінде Владимир Зеленский халыққа адал қызмет етуге ант етіп, ел президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімінде сөйлеген Зеленский Жоғарғы раданы тарататынын айтты.
Грузияның бұрынғы президенті Георгий Маргвелашвили қызмет өкілеті аяқталғаннан кейін саясаттан кетті. Өзі тұрғызған шағын үйді туристерге жалға беріп табыс тауып отырған ол меймандарға бақшасында өсірген жеміс пен көкөніс ұсынады.
Ашғабат мешіттерінде жұма күнгі уағыз-насихат кезінде имамдардың президент Гурбангулы Бердімұхамедовті сүюге шақырып, құдайдан оған мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілеуі - үйреншікті құбылыс.
72-ші Канн кинофестивалінің бағдарламасында Қырым татар режиссері Нариман Әлиевтің бес жыл бұрын Ресей аннексиялап алған Қырымдағы оқиғалар жайлы сыр шертетін «Оралу» деп аталатын толық метражды фильмі де бар.
Тағы