Наманған әуежайынан Ресейге ұшатын жолаушылар ресми молданың елге адалдық, діни экстремизм мен орыс әйелдер туралы арнайы уағызын тыңдауға мәжбүр.
Осыдан бірер күн бұрын 37 елдің БҰҰ-дағы елшілері осы ұйымның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеді.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі отырысында Батыс пен Ресей украин тілі туралы заңға байланысты дауласып қалды.
Әуелі ресейшіл сепаратистер "Украинаның ұшағын атып түсірдік" деп мақтана жөнелген. Кейін оның малайзиялық MH17 рейсті жолаушылар мінген әуе көлігі екені анықталғанда сепратистер мен кремльшіл БАҚ-тың сөзі күрт өзгерді.
Иордания королінің қарындасы, Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің кіші тоқалының батысқа қашуынан басталған халықаралық дау ушыға түсті.
БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесінің қорытынды сессиясы алдында 22 елдің елшісі Қытайдың аз ұлттарға - ұйғыр, қазақ, татар, қырғыз және өзге түркітілді этникалық топтарға жасап отырған қысымын айыптап, хат жолдады.
Бейсенбі күні Босния мен Герцеговинада мыңдаған адам 1995 жылғы Сребреница қырғыны кезінде қаза тапқан отандастарын еске алу шарасына жиналды. Арнайы зиратқа жаңадан табылған 33 мәйіт жерленді.
Түркімен билігі мемлекет қызметкерлерін жазғы демалысты Каспий жағасындағы қымбат Аваза курортында өткізуге міндеттеп жатыр.
Шілденің 8-інде Ресей президентінің Грузиямен әуе қатынасын тоқтату жарлығы күшіне енді. Азаттық бұл шектеудің Қазақстандағы туристік компаниялар үшін нендей мүмкіндік туғызатынын анықтап көрді.
Ресей Сирия президенті Башар Асадқа қарсы соғысқан ресейліктерге рақымшылық жасаудан бас тартты.
Ресей билігі сүңгуір аппаратта болған өрттен 14 теңізшінің қаза болғанын хабарлады. Қорғаныс министрлігі әзірге бұдан басқа ақпарат берген жоқ. Тірі қалғандар бар-жоғы да белгісіз.
Өзбекстан жүздеген аудан орталығы мен ауылды жаңалап, ондағы үйлерді, мектептерді және инфрақұрылымды жөндеу жобасын бастады. Бұл игі бастаманың сиқын кетіріп тұрған бір жайт бар. Біраз жұрт биліктің мәжбүрлеп асарға шақырып және ақша құйдырып жатқанын айтып арызданады.
Тағы