11 желтоқсанда Гаага қаласындағы БҰҰ-ның Халықаралық трибуналында Мьянма елінің үстінен сот басталды. Африкадағы Гамбия елі Мьянманы «рохинджа мұсылмандарына геноцид жасады» деп айыптап, Гаагадағы сотқа шағымданған.
Қазақстаннан АҚШ-қа көшіп барған Айя Балтабек қазір Нью-Йоркте көші-қон мәселесі бойынша кеңесші болып істейді. Азаттыққа сұхбатында заңгер АҚШ-та қалып қою ниетімен қоныс аударатын қазақстандықтардың ол жаққа жақын-туыстарын да алдыруға талпынысы туралы айтып берді.
Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин 2019 жылдың соңына дейін Украинаның шығысындағы атысты тоқтату режимін толық енгізіп, тағы да тұтқын алмасуға келісті. Тараптар бұл туралы Парижде өткен "норман төрттігі" саммитінен соң мәлімдеді.
9 желтоқсанда Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) атқару комитеті Ресейді төрт жылға олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарынан шектеді.
Парижде "норман төрттігі" саммиті басталар алдында Киевтегі Украина президенті әкімшілігінің қасына жиналған жүздеген адам наразылық акциясын өткізді. Владимир Зеленскийдің әкімшілігі орналасқан көшеде бірнеше шатыр мен сахна пайда болды.
Шавкат Мирзияев билікке келгелі қандай өзгерістер болды? Бірінші президент Ислам Каримов жұрт жадында несімен қалды? Азаттық тілшісі Өзбекстанда болып қайтты.
Швеция заңындағы саңылауды пайдаланып мыңдаған заңсыз мигрант сол елде жұмысқа орналасып, еркін өмір сүріп келген. Швецияның TV4 арнасы мен Азаттық радиосының бірлескен зерттеуі осыны анықтады.
Пекин 2 желтоқсанда штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан үкіметтік емес халықаралық құқық қорғау ұйымдарына "Қытайдың арнайы әкімшілік аймағындағы (Гонконг) көтерілісті қолдағаны үшін" санкция салды. Бұл – Қытайдың АҚШ президенті Дональд Трамптың Гонконгтегі наразылықты қолдайтын заңына "жауабы".
24 қарашада Журналистердің халықаралық зерттеу консорциумы (ICIJ) "Қытай билігіне тиесілі" құпия құжатты жариялады. "Телеграмма" деп аталатын құжатта Пекиннің Шыңжаңдағы лагерьлерге қамалатын адамдарды анықтау жолы, саяси тәрбиелеу орталықтарының қалай басқарылатыны жазылған.
Азат Еуропа/Азаттық радиосы "Настоящее время" сайтының тілшісі Екатерина Пономарева Ресейдің Челябинск аймағында тұратын Жамбыл Айтпаев туралы репортаж әзірледі. 42 жастағы кәсіпкер қазақты жергілікті тұрғындар "сүт королі" деп атайды.
Иран билігі елде бензиннің қымбаттауына наразылық күшейген тұста интернетті бұғаттап, ұялы байланысқа шектеу қойды. Иранда тұратын қазақтар "үлкен қалалардағы алаңдардың толық қоршауда тұрғанын, елде күзет қатайғанын" айтады.
23 жыл татар тілінен сабақ берген Нәйла Исмагилова қазір орыс тілі мұғалімі болып істейді. Татарстанда екі жыл бұрын татар тілінен сағат саны қысқарған соң ол жұмыссыз қалмас үшін кәсіби даярлықтан өтуге мәжбүр болған. Азаттыққа сұхбатында ұстаз татар тілінің қазіргі жайы мен болашағы жайлы айтады.
Тағы