Башқұртстан прокуратурасы "Башқұрт" ұлттық ұйымын "экстремистік" деп танып, тыйым салуын сұрап сотқа арызданды. Бұған дейін құзырлы орган "Башқұрт" ұйымына "экстремистік қызметпен айналысуға болмайтыны" туралы ескерту жіберген. "Башқұрт" ұйымы белсенділері онымен келіспейді.