АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылын Таяу Шығыстағы, әсіресе Ирак пен Ирандағы күрдтер бақылап отыр. Соғыстың алғашқы аптасында Ирак күрдтері Иранға басып кіруі мүмкін, Иран күрдтері де қақтығысқа араласуы мүмкін деген сөздер айтылған.
Израиль Иранның солтүстігіндегі инфрақұрылымдарға шабуыл жасауға көшті. Кеше Тель-Авив Каспий теңізіндегі әскери кемелері мен Бандар Энзели портына зымыран ұшырған. Иран ірі газ кенішіне жасалған шабуылдан соң Қатар мен Сауд Арабиясындағы ірі зауыттарға баллистикалық зымыран жіберді.
Иран билігіндегі ең ықпалды тұлға саналатын Әли Ларижанидың қазасынан кейін Тегеран Израильге зымыран жаудырды. Cарапшы бұл оқиғадан кейін аймақтағы шиеленіс одан сайын ушыға түседі деп бағалап отыр.
Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қақтығыс ушығып тұр. 16 наурызда Исламабадтың кезекті әуе соққысынан Кабулдағы ауруханалардың бірінің тас-талқаны шығып, кемі 400 адам қаза тапқаны хабарланды. Пәкістан билігі мұны «жалған ақпарат» деп, жоққа шығарды.
Иранның рухани көсемі Мұжтаба Хаменеи Мәскеуде емделіп жатқан болуы мүмкін. Оны Ресей президенті Владимир Путин шақырғаны айтылды. АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО мен өзге бірнеше елді Ормуз бұғазындағы мұнай танкерлерін бірге қорғауға шақырды.
Пентагон жақын күндері Ирандағы қыздар мектебіне шабуыл бойынша АҚШ Конгресіне тергеу мәліметтерін береді. Азаттық радиосының дереккөзі мектепке АҚШ зымыран атқан болуы мүмкін деген болжамның "жаны бар" дейді.
Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады.
Ирандағы Сарапшылар кеңесі Әли Хаменеидің ұлы Мұжтаба Хаменеиді елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы деп жариялады. Ирантанушылар Тегеран бұл арқылы АҚШ пен Израильге қарсы күресті жалғастыратынын, қазіргі бағытынан танбайтынын білдіреді дейді. Кіші Хаменеи туралы не белгілі?
АҚШ президенті Дональд Трамп CBS арнасына берген сұхбатында "соғыс жақын арада аяқталуы мүмкін, бірақ дәл бұл аптада емес" деген. АҚШ пен Израиль Иранға әуе шабуылын бастап, Тегеран қарымта ретінде Таяу Шығыс елдеріне зымыран мен дрон атқылағаннан кейін күрт өскен мұнай бағасы сәл төмендеді.
Ол діни семинариядан басқа еш жерде сөйлемеген, жұрт алдына шықпаған, сұхбат бермеген, тіпті дені дұрыс фото, видеосы да жоқ. Әкесінің орнына Ирандағы ең жоғары қызметке келген Мұжтаба Хаменеи кім?
Тағы