Шыңжаңдағы мұсылмандардың құқығын қорғайтын "Атажұрт" ұйымының YouTube арнасын кім жаппақ болып жатыр? Қазақстанның ұлтты қауіпсіздік стратегиясы қазіргі өзекті мәселелерді шеше ала ма? Қытайлық Didi Қазақстанның жолаушы тасымалы нарығынан ресейлік "Яндексті" ысырып жатыр ма? Шетел баспасөзіне шолу.
25 жыл ішінде 28 елден 1,5 мыңдай мұсылман Қытайға мәжбүрлеп жөнелтілген. Шыңжаңнан қашқан оларды Пекинге ұстап бергендердің көбі - мұсылман елдері. Ғалымдар жаңа зерттеуінде мұсылман елдерін Қытайды адам құқықтарын бұзды деп сынамақ түгіл, онымен ауыз жаласып отыр деп айыптайды.
Еуропадағы қаржы институттарының бірі Черногорияға Қытайдан алған 1 миллиард доллар қарызын төлеуге көмектеспек. Балқан елі бұл қарызды қайшылыққа толы күре жол құрылысына алған.
Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинянның "Азаматтық келісім" партиясы кезектен тыс парламент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл туралы елдің орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
АҚШ пен НАТО әскері қыркүйекке дейін Ауғанстаннан толық шығады. Ал шетел әскеріне жұмыс істеген мыңдаған ауған тәліптер тірі қалдырмайды деп алаңдап отыр.
Сәрсенбі, 16 маусым күні Швейцарияның Женева қаласында АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Келіссөз төрт сағатқа жетер-жетпес уақытқа ұласып, артынан екі ел басшылары жеке-жеке баспасөз мәслихатын өткізді.
16 маусымда АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин Женевада кездеспек. Екеуі бұған дейін 2011 жылы Мәскеуде кездескен еді. Қазір Мәскеу мен Вашингтонның арасы онша емес. Екі президенттің кездесуі қарым-қатынасты жақсарта ма? Сарапшылар көп үміт артудың қажеті жоқ дейді.
Тағы