Украиналық ақын Владимир Сосюраның әйелі Мария ерінің төңірегіндегі жағдай туралы сөз тасып, құпия хаттар жазып отырған; оның таныстары мен танымал украин әдебиетшілері тұрған "Ролит" үйіндегі тұрғындардың не айтып, не қойғанын – бәрін жеткізген.
Әлемдік мұнай нарығында өзара бәсекелестігі күшейіп, соңғы кездері Ресей-Иран қарым-қатынасын ушықтыратын оқиғалар көбейсе де, Мәскеу мен Тегеран мәжбүрлі түрде стратегиялық серіктес болып қалады, бұл алдымен Сириядағы жағдайға байланысты.
The Insider мен The Bellingcat зерттеушілері Солсберидегі Скрипальдарды улауға күдіктілердің бірі "Руслан Бошировтің" ГРУ полковнигі Анатолий Чепига екенін анықтағанын жазады.
1993 жылы Жоғары Кеңесті тарату Ресей демократиясына соққы болды ма? Неліктен Вашингтон Борис Ельциннің күмәнді іс-әрекетін қолдады? Ельциннің тұлғасы мен түпкі ниетін бағалаған батыс сарапшылары мен саясаткерлері қателесті ме? Владимир Путин – Борис Ельциннің адал ізбасары ма?
Батыс басылымдары Ресей Бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы агенті Сергей Скрипальдің өміріне қастандық жасаған деген күдікке іліккендердің ресейлік арнайы қызметке қатысы бар екенін көрсеткен тексеру туралы жазған. БАҚ-та күдіктілердің бірі Қазақстанда болғаны айтылады. Әлемдік баспасөз Шыңжаңдағы жағдайды назарда ұстап отыр, сарапшылар Қытайдың неліктен этникалық азшылыққа қысым жасайтынын білгісі келеді.
"Ресей тұрғындары қытайлар Сібір орманын тып-типыл етіп шауып тастайды деп қорқады. Соңғы айларда бұл туралы белсенді блогерлерден бастап ірі таблоидтерге дейін бәрі жазып жатыр. Интернетте бұл мәселе бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.
Мәскеу Башар Асадтың әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері қыркүйектің 17-сі күні кешкісін Жерорта теңізі маңында ресейлік Ил-20 барлау ұшағын құрамындағы 15 әскери қызметкерімен бірге атып түсіргенін мойындады, бірақ оған Израиль әскери-әуе күштерін айыптап, "қатал әрі тез жауап" беруге уәде етті.
Шыңжаңда қамауда болып, былтыр Қазақстанға оралған, Қытайда туған этникалық қазақ Өмірбек Бекалы әйелі, Қытай азаматы Раушангүл Ташмағамбетке депортация қаупі төніп тұр дейді.
Халықаралық баспасөз Шыңжаңдағы азшылыққа қарсы репрессия туралы жазған. Мақалаларда этникалық қазақтардың Қытайдың солтүстік-батысындағы жағдай туралы "әлемге жар салып жатқаны", бірақ олардың тарихи Отаны қуатты көршісіне қарсы шыға алмай отырғаны айтылған.
Ресей гвардиясының басшысы Виктор Золотов оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды дуэльге шақырды. Комментаторлардың көбі оның видеоүндеуін генерал мен офицерге лайық емес әрекет деп атап, "ессіз бұзақының" ісі деп сипаттады.
Биылғы күз әскери маневрлер маусымы болғалы тұр. Ресейдің Қиыр Шығысында өтіп жатқан ең ірі "Восток-2018" әскери жаттығуларына "жауап" ретінде НАТО да сондай ауқымды шара өткізбек.