1990 жылдардан бері Пәкістан үкіметін үш мәрте басқарып, үш жолы да премьер-министр қызметінен еріксіз кеткен, жемқорлық пен өкілетін асыра пайдалану дауларына қалған саясаткер не себепті әлі танымал?
Жұмысшылар Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің жұмыс орны болған «Ақсарай» резиденциясының темір қоршауын алып тастады. Қазір резиденция территориясында марқұм Ислам Каримовтің ескерткішін қоюға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Өзбекстанның халық суретшісі, мүсінші Ильхом Джаббаров Ислам Каримовтің үш ескерткішін әзірлеп қойды.
Тәжікстандықтар календарында жылдың төрт мезгілінен бөлек, "президентті қарсы алуға дайындық" деген тағы бір маусым пайда болды.
Өзбекстанның тұңғыш прзиденті, марқұм Ислам Каримовтің бұрынғы мемлекеттік кеңесшісі Мавлон Умурзаков Азаттықтың Өзбек қызметіне (Озодлик) берген сұхбатында өзін ақтау туралы жоғарғы соттың шешімін 21 жыл күткенін айтты.
Қырғызстан мұсылмандарының бас мүфтиі "дүкендерді алкоголь саудасынан бас тартуға мәжбүрлеуді" құптамайтынын мәлімдеді. Кей ауыл имамдарының дүкен аралап, сатушыларды спирттік ішімдік саудасынан бас тартуға шақыруы қырғыз қоғамында қызу пікірталас тудырған.
Тәжікстан жиырма жыл бұрынғы азаматтық соғыс кезінде қаза тапқан бірқатар танымал адамдардың өліміне Иранды айыптады. Тәжік мемлекеттік телеарнасы көрсеткен деректі фильмде 1990 жылдардағы ресми тұлғалардың өліміне "Иран тапсырыс берген" деген пікір айтылуына Тегеран наразылығын білдірді.
Таяу Шығыстағы соғыс аймағында "Ислам мемлекеті" террорлық тобы қатарында болған, кейін еліне оралып, өткеніне өкініш білдірген соң кешірім жасалған тәжік азаматтары қалыпты өмірге бейімделіп жатыр.
2006 жылдан бері психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде "емделген" журналист Жамшид Каримов бостандыққа шыққан алты айдан бері төлқұжат ала алмай жүр. Өзбекстанның тұңғыш президентінің туысы Азаттыққа сұхбатында елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзияевке жағдайын айтып жазған бірнеше шағымына әлі күнге жауап алмағанын айтты.
Бірнеше айдан кейін өкілеттігі аяқталатын Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық билігі несімен есте қалды?
Талибанның пәкістандық қанаты ДАИШ пен өзге де радикалдық ұйымдардың ақпараттық үгіт-насихат стратегиясын қабылдағанға ұқсайды. Ұйым жуырда әйелдерге арнап ағылшын тілінде журнал шығара бастады.
Түркіменстанның автократ басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов сан қырлы "талантының" тағы бірін жұртқа паш етті – бұл жолы мемлекеттік БАҚ президенттің әскерилерге тапанша мен мылтықтан дәлдеп атып, қанжарды қалай қадауды үйреткенін көрсетті.
Тамыздың 1-інде Қырғызстан президенттігіне кандидаттар ұсыну аяқталды. Осы кезге дейін президент сайлауына түсуге өтініш берген адам саны 50-ден асқан. Олар президенттікке шынайы кандидаттар ма, ал көрші елдерде "демократияның бұлайша салтанат құруы" неліктен екіталай?
Тағы