Тәжікстанның Хатлон облысы Дангара ауданындағы Мехтар ауылының тұрғыны Шомурод Кавраков полицияға хабарласып, інісі Ботирхонды ұстап берді. Ағасының сөзінше, інісі жұртты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылуға үгіттеп, топ құруға насихаттаған.