Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бөлім бастығы Максат Мамытканов жағар-жанармай контрабандасы кесірінен ел бюджеті жыл сайын 5 миллиард сомнан артық қаржыдан қағылатынын айтады.
Тәжікстанда аудио-видеоөнімдерді заңдық тұрғыда реттеумен айналысатын "Тәжікфильм" блоггерлердің Youtube-ке салған видеороликтеріне бақылау орнатуды жоспарлап отыр.
Қырғызстан парламенті төрағасының орынбасары Азаттық журналисі Ыдырыс Исаковқа қолдау білдірді. Депутат журналистің зерттеу мақаласының кейіпкері, бизнесмен Жалил Атамбаевқа қатысты тергеуді соңына дейін жеткізуге шақырды.
Тәжікстан білім және ғылым министрлігінің кемінде бес қызметкері әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашып, түрлі сайттарға комментарий жазып, "тролль фабрикасында" жұмыс істегендерін мойындады. Министрлік ондайға қатысы барын жоққа шығарады.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Өзбекстанға сапары алдында елде 20-ға жуық зиялы қауым өкілі орыс тіліне ресми мәртебе беру туралы ұсыныс айтты.
Тәжікстанның Варзоб шатқалындағы "Харангон" санаторийіне жақында Ирактан ұшақпен жеткізілген ондаған тәжік баланы орналастырды. Олар - Таяу Шығыстағы соғыс аймағында қаза тапқан я хабарсыз еткен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мүшелерінің балалары.
Қырғызстан үкіметі ел азаматтары қарсылық білдірген Ыстықкөл облысындағы уран кеніші толық жабылатынын хабарлады. Наразылар шенеуніктер сөзіне сенбейтіндерін айтады. Олар биліктен уран өндірісіне толық тыйым салуды талап етті.
Қырғызстанның әділет министрлігі заңды тұлғалар реестріне өзгеріс енгізіп, Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы жетекшісі ретінде Сағынбек Абдрахмановты көрсеткен.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Мәскеуге сапарлап барған кезде "Группа 24" оппозициялық қозғалысының өкілдері Кремльде наразылық акциясын өткізді.
Ашхабадтағы спорт мектептері мен елдегі өзге спорт ұйымдарының қызметкерлері «Түркіменстан спорт» журналын сатып алу үшін 80 манаттан (шамамен 23 доллар) жинап жатыр. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.
Бүгін Қазақстан президенті Өзбекстанға сапарлайды. Ташкентте екі елдің екінші президенттері тұңғыш рет кездеспекші.
2010 жылы Қырғызстанда болған Сәуір революциясына тоғыз жыл толды. 7 сәуірде елдің қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков пен экс-президент Роза Отунбаева «Ата-Бейіт» мемориал кешеніне барып, революция құрбандарының рухына тағзым етті.
Тағы