Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон туған Даңғара кентіне соңғы жылдары көп мөлшерде инвестиция салынды. Қазір бұл елді мекенді облыс орталығына айналдыру ісі қолға алынған.
Вашингтон Орталық Азия елдеріндегі биліктің жаңаруы мен бес елдің өзара байланысының нығаюы АҚШ-тың табиғи ресурстарға бай аймақпен қарым-қатынасын тереңдетуге зор мүмкіндік ашады деп санайды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Өзбекстанды "адам құқықтары саласындағы прогресі" үшін мақтап, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа "тамаша әріптестік" деген баға берді. Құқық қорғаушылар Өзбекстандағы адам құқықтары мен бостандықтарының ахуалына әлі де алаңдайды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Лондоннан кейін Украина, Беларусь, Қазақстан мен Өзбекстанға барады. Ол бұл сапарында қандай мәселелерді талқыламақшы?
Британ басылымдары Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримованың Ұлыбританиядағы жылжымайтын мүлкінің тізімін жариялады. Өзбекстанда түрмеде отырған Каримоваға қарсы тағы бір сот процесі өтіп жатыр.
Түркіменстанда үкіметтік сайт елде 6,2 миллион адам тұрады деп хабарлады. Өзін сыртқы әлемнен шектеп, оқшау мемлекетке айналған елде биліктің ресми мәліметін анықтау мүмкін болмағандықтан, бұл дерекке сену қиын.
Өзбекстан президенті Ресейге сапары қарсаңында Еуразия экономикалық одағына кіру туралы айта бастады.
Өзбек блогері Нафосат Оллошукурова тұтқында болған кезде оппозицияға қарсы куәлік беруден бас тартқаны үшін полиция қызметкерлері өзін ұрып-соғып, "зорлаймыз" деп қоқан-лоқы жасағанын мәлімдеді.
Совет кезінде талқыланып, кейіннен доғарылған Сібір суларын Аралға бұру мәселесі қайта көтерілді. Су маманы мұны "қисынсыз" деп санайды.
Өзбекстан әділет министрі Русланбек Давлетов "Эрк" демократиялық партиясы өкілдеріне саяси ұйымды "ұмытуға" кеңес берген. Бұрынғы президенттің тұсында қуғынға ұшыраған оппозициялық партия өкілдерімен билік өкілі соңғы 23 жылда алғаш рет кездесті.
Өзбекстанда президент Шавкат Мирзияев уәде еткен реформалардан үміт күткен жұрт жақында өткен парламент сайлауына ерекше назар аударды. Сайлау қорытындысы бойынша, парламенттің төменгі палатасы "жасарып", әйел депутат саны көбейді. Алайда өзгеріс шамалы болғанға ұқсайды.
Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Қазақстанның шекара арқылы өтетін тауар мен жүкті қосымша тексеру туралы шешімін сынады. Қазақ үкіметі өз мүддесін қорғап отырғанын айтады.
Тағы