Өзбекстан министрлер кабинетінің шенеунігі Азаттықтың Өзбек қызметіне анонимді түрде кейінгі жылдары елдегі кемі алты ірі өндірістік және энергетикалық кәсіпорын SFI Management Group компаниясына сенімді басқаруға берілгенін хабарлады.
Өзбекстанда өзіне тиіскен ер адамдардан қорғанбақ болған қыздың үстінен қозғалған қылмыстық іс жабылды. Милиция оны "азаматтарды сабады" деп жауапқа тартпақ болған. Бұл хикая патриархалды өзбек қоғамындағы әйел жағдайына көпшіліктің назарын аударды.
Қырғызстанның Ош облысындағы Гулбаар ауылындағы кәрі де, жас та таза су ішіп көрмеген. Тұрғындар таңертең шелегін ұстап, бірі – жаяу, бірі есекпен каналдан су тасиды. Мұндай мәселе елдегі әрбір үшінші ауылда бар.
Түркіменстан билігі елде коронавирус жоқ деп мәлімдеп отыр. Алайда жұрт арасында Covid-19 белгісімен ауруханаға түскендер тірі қайтпайды және олардың ажалы вирустан емес, басқадан деген қауесет тараған.
Қырғызстанға биыл жазда коронавирус індетімен күресуге жәрдемдесу үшін Ресейден ұлты қырғыз ондаған дәрігер барған. Енді олар Ресейдегі шектеуге байланысты кері қайта алмай отыр.
Өзбекстанның мемлекеттік телеарнасы феминизм, гомосексуализм сияқты "шетелдік" элементтерді "өзбек қоғамына жат" деп сипаттап, кеш болмай тұрғанда мұндай "қатермен" күресті бастауға шақырды.
28 жыл бойы билікте мызғымай отырған Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон күзде өтетін президент сайлауына тағы да кандидат ретінде ұсынылды. Оның бұған дейінгі президенттігі несімен есте қалған еді?
Қырғызстанда парламент сайлауы қарсаңында дау шықты.
Орталық Азия президенттерінің елді аралағанда қарапайым тұрғындардың қонағы болуын сарапшылар бедел көтеру үшін қолданатын саяси технологияға жатқызады.
Тағы