Орталық Азияда күн қатты ысып, ауа температурасы көптеген жылдың рекордын жаңартты. Биыл өңірде жаңбыр жаумаған, су деңгейі де төмендеп кеткен. Қуаңшылық кесірінен экономикалық проблема туындады. Өңірдегі құрғақшылық зардабы шаруалар мен малшыларға ғана емес, қарапайым адамдарға да тиіп жатыр.
"Талибан" қозғалысы Ауғанстанға көрші елдердің тыныштығын бұзатын ойы жоғын айтқан. Бірақ тәліптер ауған-тәжік шекарасындағы бірнеше ауданды басып алып, сол жерді қорғауды Тәжікстанда тыйым салынған "Ансорулла жамағаты" тобына тапсырған.
АҚШ пен НАТО Ауғанстаннан әскерін шығара бастасымен "Талибан" қозғалысы елдің бірқатар аймағын басып алды. Тәліптердің қыспағы күшейгендіктен күніне мыңдаған ауған азаматы шетелге кетіп жатыр.
16 шілдеде Еуропарламентте өткен жиында құқық қорғаушы белсенділер Түркіменстанда жұмысынан қуылып, жылдар бойы әділдік іздеп жүрген дәрігер туралы айтты. Содан кейін полиция оны үйінен алып кеткен. Қазір әйелдің қайда екені белгісіз.
Тәліптерден қашқан бір топ ауған қырғызы Тәжікстанға өткен. Қырғызстан оларды елге алып кетуді ұсынған, бірақ Душанбе бас сауғалап келген қырғыздарды Ауғанстанға қайтарып жіберді.
Жақында өзбек әншісі Жахонгир Отажонов отбасына қысым жасалғанын айтып, президент сайлауынан бас тартатынын мәлімдеді. Билікке тәуелсіз кандидатты сайлауға жеткізбеу Орталық Азияның өзге елдеріне де тән.
Орталық Азияда азық-түлік қатты қымбаттады. Кейбір елдерде сәбіздің бағасы 700 пайызға өсті. Орталық Азия елдеріндегі бағаларды "Палау индексі" арқылы салыстырып көрелік.
11 шілде күні Қырғызстанның Бішкек, Ош және Тоқмақ қалаларында мәслихат депутаттарын қайта сайлап жатыр. Оған ел астанасында 18, Ошта 8, Тоқмақта 6 партия қатысып жатыр. Елде бүкілреспубликалық мәслихат сайлауы 11 сәуірде өткен. Бірақ ОСК осы үш қаладағы сайлаудың нәтижесін жойған.
Тәжікстанға бас сауғалап қашқан ауған сарбаздарының кейбірі Ауғанстанда қалып, тәліптермен соғысу қайғылы жағдаймен аяқталар еді дейді. Олар мұны Азаттықтың Тәжік қызметіне айтты.
Тағы