18-19 мамыр күндері Сиань қаласында "Қытай – Орталық Азия" саммиті өтеді. Ресей мен Қытай арасында аймақтағы ықпал үшін талас бар ма? Қытаймен тығыз қатынастан Қазақстан не ұтады, неден ұтылады? Лондондағы Қорғаныс зерттеулері біріккен корольдік институтының сарапшысы Рафаэлло Пантуччимен сөйлестік.
Өткен аптада Мәскеудегі жеңіс парадына Орталық Азиядан Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қана қатысады деп айтылған еді. Бірақ шараға аз уақыт қалғанда өңірдегі басқа басшылар да баратыны белгілі болып, Кремльдің қысымы туралы айтыла бастады.
Экономикалық санкциялар қыспағында қалған "Талибан" үкіметі Ауғанстанда көкнәр егуге, одан есірткі жасауға және сатуға тыйым салатынын кезекті рет мәлімдеді.
Ташкент бұл өзгерістерді «елді демократияландыруға арналған қадам» деп бағалайды. Лондондағы Central Asia Due Diligence талдау орталығының директоры Әлішер Ильхамов Азаттыққа сұхбатында Өзбекстан билігі Қазақстандағы билік транзиті мен Қаңтар қырғынынан қандай сабақ алғанын айтты.
Біздің зерттеуіміз Хабибула Абдуқадыр мен оның отбасына және олардың қалайша Орталық Азия мен одан тыс жерлерде саяси байланыстары бар мықты инвесторға айналғанына арналады.
Тағы