Қазақстан биыл алғаш рет балалар арасындағы Eurovision байқауына қатыспақ. Астана ересектер арасындағы негізгі Eurovision конкурсына да қатысуға бірнеше рет талпынып көрген.
Маусымның 9-ы күні Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында "Музыкалық вернисаж" концерті өтті. Бұл жолы америкалық кантри музыкасы мен қазақтың дәстүрлі және қазіргі заманғы күйлері орындалды. Музыкалық кеш әлемге әйгілі америкалық суретші Хант Слонемнің картиналары аясында өтті. Өнерпаздар бұл концертті қазақтың көрнекті композиторы Құрманғазының 200 жылдық мерейтойына арнады.
Қазақ арасында "Ұлыстың ұлы күні" деп те танылған көктем мейрамы кезінде Азаттық Наурыздың шығу тарихы мен бүгіні туралы этнограф-ғалыммен сұхбаттасты.
1920 жылы Түркістан республикасы атқару комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұлов "Наурыз" мерекесін тойлау туралы бұйрық шығарғанымен бұл мейрамды ресми түрде тойлау не себепті кейінге қалдырыла берді?
Алтай аймағындағы шалқан халқы соңғы кезде өз ұлтын құжатқа жаздырта бастады. Алтайлықтар құрамынан аз ұлттар тобына өткен шалқандарға сол үшін сотқа шағым түсіру керек болады.
"Тестостерон" спектаклін "Откровение" халықаралық театр фестиваліне Британ кеңесінің қолдауымен Англиядан әкелді. Алматыдағы театр қауымына сирек кездесетін қойылым деп таныстырылған бұл спектакль трансгендер режиссердің әрі онда ойнаған актерлердің бірінің жеке тәжірибесіне негізделген.
Мұхтар Әуезовтің 92 жыл бұрын жазылған "Қарагөз" пьесасы Қазақстанның театр сахналарынан түспей келе жатыр. Неміс тіліндегі нұсқасын Алматыдағы мемлекеттік неміс драма театры (DTK) ұсынды. Оны Наташа Дубс пен Флориан Бильбао сахналаған.
Билікке хат жолдап, қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасын ұсынған «Ғалымдар одағы» Қазақстан президенті бекіткен латын әліпбиіндегі апострофты нұсқадан құтылу керек деп санайды. Тіл білімі институтының маманы «жұмыс тобына апостроф жобаны түгел өзгерту туралы тапсырма» түспегенін айтады.
Алматыда ұрланған қалыңдықтың тағдырын, оның уайым, күйзелісі мен төңірегіндегі жұрттың реакциясын сөз қолданбай, яғни қимылмен жеткізуге тырысқан өзгеше сипаттағы спектакль премьерасы өтті. Спектакльді "пластикалық театр" деп атаған қойылым авторлары көрермен би қимылдарын аудармасыз-ақ түсінеді деп санайды.
Қазіргі Алматыны Нұрлан Әбішевтің пейзаж картиналарынсыз елестету мүмкін емес. Суретші қалаға деген сүйіспеншілігін қыздарына деген әкелік махаббаты оятты деп түсіндіреді.
Тағы