Павлодар соты жасөспірім қызды зорлау қылмысы бойынша үш адамға үкім шығарды. Зорлықтан қашып, үйдің 10-қабатынан секірген қыздың төсекке таңылғанына бір жылдан асты. Сот қылмыскер деп танылған адамға 15 жарым жыл түрме жазасын кесті. Тағы екі адам қылмысты хабарламағаны үшін бостандығынан айырылды.
Қазақстандықтардың табысы өсіп жатқанымен, оны қосанжарласа көтерілген баға "жалмап" жатыр. Елдегі инфляция ғаламдық көрсеткіштен жоғары. Тұрақты жұмысы бар адамдардың айтарлықтай бөлігінің жалақысы ең қажетті тауардан артылмайды. Неліктен?
Ақтөбеде әр айдың аяғында сұйылтылған газ қоры таусылып, көлік жүргізушілері қала кезіп, сұйылтылған газ іздеп сабылады. Газ сатып жатқан бекеттер кезектен арылмайды. Кейінгі бір жылда осы жағдай неге ай сайын қайталана беретін болды? Азаттық газ сатушылар мен жергілікті шенеуніктерден сұрап көрді.
Алматы билігі қаладағы қымбат ауданның тұрғындары бір апта сусыз қалуына "табиғи факторды" кінәлады. Сыншылар бұл проблемаға дұрыс басқарудың жоқтығы мен инфрақұрылымдық коллапс себеп деп біледі.
Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 14 бала белгісіз заттан уланып қалды. Бір бала көз жұмды, алтауы жансақтау бөліміне жатқызылды. Азаттық тілшісі балалардың ата-аналарымен сөйлесті. Орталық өкілдері ештеңе айтпай отыр.
Қарағанды облысы Теміртау қаласында үш аптадан бері мыңдаған адам сусыз отыр. Тұрғындарға су кесте бойынша беріледі. Жергілікті халық төтенше жағдай жариялау керек дейді. Теміртау әкімдігі бұған әлі ерте дегенімен, тозығы жеткен су құбыры жүйесі шаққа тұрғанын мойындайды.
4 жасар Алла — Ксения Сартаеваның ортаншы баласы. Ксения қызында аутизм барын 1 жас 7 айында бір-ақ білген. Қазір ол ерекше балаларды өмірге бейімдеуге көмектесетін орталық ашуға талпынып жүр. "Бала өзін жалғыз сезінбеуі керек" дейді Алланың анасы.
Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің қазасы бойынша негізгі сот процесі басталды. Жабық сотқа кіре алмаған Айдос Мелдехан айыпталушының қамауға алынбағанына наразы болып, сот алдында жанжалдасып қалды. Сотқа тартылған әскери қызметкер кінәсін жоққа шығарады.
Тағы