Қарағандылықтармен кездескен еңбек және әлеуметтік қорғау министрі әйелдердің зейнет жасына қатысты көп сұрақтың астында қалды.
Социологтар «алыпсатарлық бизнесті бір жүйеге түсіру» деп атайтын құбылыстың қатал сұрыптауынан өту саудагерлерге оңайға түспейді.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов Ресейге барған сапарында «НАТО Ауғанстаннан кеткен соң, аймақтағы тұрақтылық кепілі Ресей болады» деп мәлімдеді.
1990-жылдары шетелден тауар тасыған саудагерлер еңбегі ескерткіш орнатуға лайық. Бұл - Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы өкілдерінің пікірі. Ал саудагерлер «бизнеске нақты қолдау болса екен» дейді.
Грузия «ҚазТрансГазды» әлі қайтармағандықтан ол елдегі қазақ инвесторлары сақтық танытып, әліптің артын бағып отыр» деп жазады The Financial басылымы.
Декреттік төлемдерді қысқартқан Қазақстан үкіметі енді әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзартатын заң жобасын әзірледі. Кейбір сарапшылар «бұл қадамның кесірінен бала туу азаяды» дейді.
«Қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов «Альянс банк» пен «Темірбанкті» сатып алуы мүмкін» деп жазды Bloomberg ақпараттық агенттігі 9 ақпан күні.
Тұқым себуге дайындалып жатқан ақтөбелік шаруалар өнімнің жылда аз болатынын ауа райы мен құнарсыз жерден көреді. Ал басқарма бастығы оның себебін «алаңсыз отыратын» шаруалардан іздейді.
Кейбір сарапшылар энергия көздеріне әлемдік сұраныстың азаюы Қазақстанның экономикасына кері әсерін тигізеді дейді. Ал Астананың мәлімдемелері көңіл тоғайтады.
87 жасында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер өмірден озды. Маргарет Тэтчер 2013 жылы сәуірдің 8-і күні таңертең инсульттен қайтыс болған.
Халықаралық ICIJ ұйымы «170 елдің 130 мың азаматы оффшорда қаржы жасырып отыруы мүмкін» деген ақпарат таратты.
Маркетинг мамандар Қазақстанның киім-кешек нарығын әлемдік брендтер иеленіп алғанын айтады. Ал тұрғындар «қазақстандық дизайнерлердің киімдері өте қымбат» дейді.
Тағы