Батыс елдерінің Ресейге санкция салуды күшейтуіне байланысты алаңдаушылық танытқан Қазақстан Ұлттық банк төрағасының сөзіне жергілікті сарапшылар пікір білдірді.
Қазақстандық онлайн-дүкендерді пайдаланушылар – уақыт үнемдеп, әрі арзан тауар алуға ұмтылатындар. Дүкен иелері жылдық сауда айналымы бірнеше миллион долларға жететінін айтады.
Мамырда Еуразия экономикалық одағына кіруді жоспарлаған Қазақстан биыл сырттан келетін он шақты тауардың, олардың ішінде Кеден Одағы елдерінің бірнеше өнімінің сатылуына шектеу қойды.
CNLC компаниясының Ақтаудағы филиалы жұмысшысы кәсіподақ ұйымын құрамын деп қудалау көргенін айтады. Мекеме басшылығы бұл дауға оның «еңбек тәртібі себеп болған» дейді.
Еуропа Одағының Украинадағы жағдайға алаңдауына көптеген себептер бар. Соның ішінде аса маңыздысы – Ресейден газ тасымалдау мәселесі.
Астанада өткен Азия даму банкі форумында Қазақстан үкіметіне қаржы дағдарысына жол бермеу туралы ұсыныстар айтылды. Бірақ елдің банк жүйесі әлсіз деп бағаланды.
Pussy Riot тобының мүшелері АҚШ депутаттарын Ресей шенеуніктеріне қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды. Музыканттар санкцияларды Болотный ісіне қатысты күшейтуді сұрайды.
Астанада ондаған адам тиісті пәтерлерін ала алмай жүргендеріне алты жыл болғанын мәлімдеп, құрылыс компаниясын айыптады. Ал компания пәтерлердің ақысына берілуі тиіс жердің мәселесі шешілмегенін айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының тұрғындары ресейлік битум зауытының түтіні денсаулықтарына кесір тигізгенін айтады. Ал зауыт басшысы «ол түтіннің зияны жоқ» дейді.
Астана жыл соңына дейін ДСҰ-мен келіссөздерді аяқтауға ниетті. Бұған дейін Қазақстанға ДСҰ-ға кіруге Кедендік одақ келісімдері қиындық тудырып отырғаны айтылған еді.
Беларусь президентінің «Еуразия Одағын құруды кейінге қалдырған жөн болар» деген пікіріне разы жұрттар да болды. Бірақ сарапшылар ол сөздің «саяси тәсіл» екенін айтады.
Тағы