Ресей Батыстың кейбір елдерінен азық-түлік импорттауға тыйым салған соң Қазақстанда «бұл жергілікті нарық үшін ұтымды» деген сөздер айтыла бастады. Бірақ Қазақстанның өзі де импортқа тәуелді.
«Ұйымдастырылмаған базарлар» мәселесі ел президентінің де аузынан шықты. Бірақ кәсіпкерлер «базарды зорлықпен таратуды қолдамайтындарын» айтады.
Ресей сыртқы істер министрі Лавровтың Өскеменге жұмыс сапары аяқталды. Кей сарапшылар «бұл сапар Қазақстан мен Ресей арасында қандай да бір келіспеушіліктер барын аңғартады» деп жориды.
Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі «халал» деп сипатталған кейбір шұжықтардан шошқа еті табылғанын мәлімдеді. Ал шұжық жасаған кәсіпорын ол айыппен келіспейді.
Ауғанстанда 10 жылдан аса шетел әскері болды. Мұның өзі жергілікті экономикаға үлкен сүйеу еді. Енді бұл әскер ауған жерінен кетіп жатыр. Олар кеткен сайын ауғандықтар экономикалық жағынан тарыға бастады.
Қазақстанда бірнеше футбол клубы қаржы тапшылығы кесірінен жабылып қалды. Сарапшылар клубтардың тағдыры әкімдікке тәуелді екенін айтады.
Статистика агенттігі зерттеуінше, үй шаруашылығы иелерінің 76 пайызы, ал ауылдық жерде олардың 77 пайызының тұрмысына разы. Ал халықаралық рейтингтердің мәліметі сәл басқаша.
Бірнеше ірі қаладағы ақша айырбастау орындарында доллар тапшылығы байқалды. Ұлттық банк «доллар қымбаттайды» деген қауесет негізсіз екенін айтып, жұртты «сыбыс таратпауға» шақырды.
Қазақстан ұлттық банкі «Батыстың Ресейге қарсы санкциялары күшеюіне байланысты скептиктердің болжамына қарамастан теңге курсы өсті» деп мәлімдейді.
АҚШ пен ЕО осы аптада Ресейге байланысты жаңа санкциялар қабылдады. Қазақстандық мамандар көрші мемлекетке қарсы бұл шараның өз елдеріне қандай әсері боларын болжайды.
АҚШ пен Еуропа Одағы Украинаның шығысындағы қарулы сепаратистерді қолдап отырған Ресейге бірнеше сала бойынша тағы санкциялар салды.
Әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзартып, Бірегей зейнетақы қорын құрғаннан кейін де пенсия жүйесінің реформасы бітпейді. Енді жұмыс берушіні табыстың бес пайызын зейнет қорына аударуға міндеттемек.
Тағы