АҚШ пен Еуропа Одағы енгізген жаңа санкциялардың әсерін Ресей бірден емес, ұзақ уақыттан соң сезінетін болады дейді сарапшылар.
Телехикаяға түсіп жатқан эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева Азаттыққа берген сұхбатында мәдениет университеті оқытушыларының жалақысы мен тойдан түсетін табысы туралы да айтты.
Душанбеде өткен ШЫҰ-ның кезекті саммитінде Украинадағы дағдарыс, аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық интеграция мәселелері талқыланды.
Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылында «Маңғыстау жол дистанциясы» мекемесінің ондаған жұмысшысы бұрынғы жұмыс орындарында қалдыруды, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті.
Бәсекелестікті қорғау инспекциясы Алматыда жанармайдың неліктен тапшы болғанын тексеруге кірісті. Ал мұнай компаниясы өкілдері оның бірнеше себебі барын айтады.
Қыркүйектің 11-і күні Тәжікстан астанасы Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті басталды. Ұйымға төрағалық ету құқығы Батыс елдерімен араздасып қалған Ресейге берілмек.
Қазақстан ұлттық банкі теңге көп ұзамай позициясын күшейтуі мүмкін деп болжайды. Қаржылық сарапшылардың кейбірі ұлттық банктің бұл оптимизміне қосылмайды.
Ауыл шаруашылығындағы қазақстандық кәсіпкерлер Ресей тыйым салған батыстық тауарлардың орнын басатын өнім шығарудан бұрын ішкі нарықта-ақ бәсекеге шыдау қиын екенін айтады.
Шымкенттегі көлік иелері АИ-92 маркалы бензинге зар бола бастады. Ресми орган өкілі бұл тапшылықты «қалыпты жағдай» деп сипаттайды.
Энергетика министрінің жанармай үнемдеуге шақырған ұсынысы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Интернет қолданушылар оның бастамасын келемеж деп қабылдады.
Қаржыдан тапшылық көріп отырған «Газпром» Қытайға құбыр салуға кірісті. Бұл құбырды салу үшін «Газпром» «Роснефть» компаниясымен таласып келеді.
Балықшылар тауарды сату мүмкін болмағандықтан, балық аулауды азайтты. Қазір олардың табысы орталап қалған.
Тағы