Өзбекстан президентінің Қазақстанға сапарына орай Азаттыққа сұхбат берген саясаттанушы «Каримов пен Назарбаевтан кейінгі билік» жайлы да айтты.
Оңтүстік Қазақстандағы дихандар мақтаның килограмын 80 теңгеден бағалауға наразы. Бірақ өңірде текстиль кластерін дамытып жатқанын айтқан билік «дихандарды қанау жоқ» деп мәлімдеді.
Еуропамен сауда-саттық жолдарын дамытуға арналған жаңа Жібек жолын салуға Қытай қыруар қаржы құйды. Бірақ Ресейдің бұл жобадағы рөлі, Қазақстандағы коррупция және Қытайдың кейбір елдермен жер дауы жобаны дамытуға бөгет болып отыр.
15 қараша - Қазақстан ұлттық валютасы күні. Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ғалым Байназаров Азаттыққа сұхбатында теңгенің қазіргі жағдайы мен перспективасы туралы айтады.
Осы апта Түркия сыртқы істер министрі Киевке барды. Украина басшысы және Қырым татарлары жетекшілерімен кездескен ол Түркияның Украина аумағының бүтіндігін қолдайтынын, Қырым татарлары құқығын қорғауға көмектесетінін айтты.
Жолдауда «арзан баспанадан» бастап «қолдау көрген бизнеске» дейін сөз болды. Ал сарапшылар жаңа саясаттың ұлттық қордағы ақшаны таратумен басталуы жақсылық нышаны емес екенін айтады.
Барак Обама Қытай, Мьянма және Австралиядағы үш бірдей саммитке қатысу арқылы Вашингтонның Азияға бет бұрғанын аңғартты.
Оңтүстік облыстардан еңбекке жарамды азаматтарды көшіп келуге шақырған Шығыс Қазақстан уәдеге де жомарттық танытып жатыр.
Жас кәсіпкер биліктің бизнестегі тамыр-таныстықты жоя алмағанына наразы. Ал сарапшылар халықаралық индексте кері кеткен Қазақстанда «экономикалық дамудың жемқорлыққа ұласқаны – басқарудың қабілетсіздігінен» деп біледі.
Жанармай тапшылығынан сақтанған Қазақстан көршілерінен бензин алудан үмітті. Ал жергілікті экономист бұл жоспардан қайыр күтпейді.
Еуропа Одағы елдерінің кейбір жеміс пен көкөніс түрлері нарығына Ресей эмбаргосы қалай әсер етіп жатыр?
«Маңғыстаумұнайгаздың» 600-ден астам акционері компаниядан дивиденд көлемін көбейтуді талап етеді. Ал мұнай компаниясы артықшылығы бар акция иелерінің «құқығы бұзылған жоқ» дейді.
Тағы