Шыңжандағы қысымнан қашқандар Қазақстанға пана іздеп келгенмен, бұл елді де қауіп көреді. Қытайдан қорыққан қазақтар мен ұйғырлар Қазақстанда ұзақ тұрақтамай Еуропа, Түркия, АҚШ-қа кетудің жолын іздейді. Сарапшылар Қазақстан Қытай ықпалынан сескеніп, Шыңжаңнан қашқандарды толық қорғай алмайды дейді.